Сабақтың тақыpыбы

Сабақ жоспары Жаратылыстану Тақырып: Таулар

Сабақ тақырыбы

1) Төбелер

2) Таулар

Негізгі бөлімде «Таулар» тақырыбы қарастырылады.

Мақсаты

Таулар туралы негізгі ойды түсіну және тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып меңгеру.

Күтілетін нәтижелер

  • Тауларды бір-бірімен салыстыру арқылы ажырата алады.
  • Картадан тауларды таниды.
  • Таулардың пайдасын біледі.

Қажетті жабдықтар

Оқулық

Негізгі мәтін және тапсырмалар

Компьютер

Видеоролик пен материалдар

Бағалау парақтары

Ұпай жинау және кері байланыс

Плакат және маркерлер

Топтық жұмысқа арналған

Түрлі-түсті қағаз

Қию, жапсыру, постер жасау

Қайшы және желім

Шығармашылық тапсырмалар

Интерактивті тақта

Көрнекілік пен бейнематериал

Физикалық карта

Тауларды картадан анықтау

Мұғалім әрекеті (сабақ барысы)

1) Ұйымдастыру және топқа бөлу

  • «Молекула» ойынын ойнатып, ережесін түсіндіремін.
  • Таулардың атауы жазылған шиыршық қағаздар арқылы оқушыларды топқа бөлемін.
  • Бағалау критерийлерімен таныстырып, әр тапсырмаға белсенді қатысқан оқушылар көп балл жинайтынын ескертемін.

2) Қызығушылықты ояту

  • «Телeарна жүргізушісі» ойынының ережесін түсіндіремін.
  • Жұмбақ жасырамын және оны қоюдағы мақсатымды оқушылардан сұраймын.
Жұмбақ

Үлкен-үлкен түйені

Тапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп.

3) Жаңа ақпаратпен жұмыс

  • Интерактивті тақтадан видеоролик көрсетемін.
  • Әр топқа тапсырма беремін.

I топ

Таулар туралы жалпы мәлімет.

II топ

Таулардың пайдасы.

III топ

Физикалық картадағы таулар.