Оқушыларға еркін тақырыпта сурет салдыру
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сынып
2-сынып
Сабақтың тақырыбы
Композиция
Әдістер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Практикалық жұмыс
Мақсаты
Композиция туралы білімді тереңдету және бейнелеу жұмыстарының негізгі әдіс-тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, қабілетін дамыту; қол дағдысын жетілдіру; өз бетінше композиция құрастыруға бағыттау.
Тәрбиелік
Жұмысты эстетикалық тұрғыдан ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Фотосуреттер, слайдтар, видеоролик.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Құрал-жабдықтарын түгендеу.
- Зейінді сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын өткен тақырыпты қайталап, торкөз ішінде жасырылған бейнелеу өнеріне қатысты сөздерді тауып, мағынасын түсіндіру.
Торкөз тапсырмасы: негізгі ұғымдар
I торкөздің жауаптары
- Кескіндеме
- Қағаз немесе картон бетіне әртүрлі бояумен орындалатын туынды.
- Графика
- Қағаз бетіне қарындаш, қаламұш, тушь арқылы салынған сурет.
- Мүсін
- Әртүрлі материалмен кеңістікте сомдалған көркем шығарма.
- Сәулет
- Үйлерді, ғимараттарды, көшелерді жобалау және жасау өнері.
- Дизайн
- Кез келген бұйымның жаңа үлгісін заман талабына сай жан-жақты салыстырып жасау.
II торкөздің жауаптары
- Натюрморт
- Жансыз денелер мен заттарды бейнелейтін көркем шығарма.
- Пейзаж
- Табиғат көрінісін бейнелейтін туынды.
- Портрет
- Адам келбетін бейнелейтін шығарма.
- Маринист
- Су әлемін бейнелеуге бағытталған көркем шығарма (теңіз тақырыбы).
III. Жаңа сабақ: «Композиция»
Шатасқан әріптер тапсырмасы
Оқушылар шатасқан әріптерден сөз құрастырып, жаңа тақырыпқа өтеді.
Берілгендер
- Мекөр
- Улықоқ
- Інсүм
- Трапали
- Разоб
- Гезерр
- Баикена
- Куцирль
- Страиллюция
- Варянь
Жауаптары
- Көрме
- Оқулық
- Мүсін
- Палитра
- Образ
- Зергер
- Икебана
- Циркуль
- Иллюстрация
- Январь
Кіріспе түсіндіру
Оқушыларға композиция туралы қысқа видеоролик көрсетіліп, тақырып талқыланады. Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отыратыныңды анықтау, көру нүктесін таңдау және параққа суретті дұрыс орналастыру — бәрі де композициядан басталады.
Композиция — латын тілінен енген ұғым; «құрастыру», «ойлап шығару» деген мағынаны білдіреді.
Композицияның мәні
Суретші өз шығармасында айтпақ ойын әсерлі жеткізу үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды, оларды қоршаған ортаны белгілі бір тәртіп және үйлесім заңдылықтарына сай орналастырады. Бұл — композиция.
Композиция дегеніміз — салынатын суреттегі барлық бөліктерді өзара байланыстырып, орынды құрастыру және үйлестіру. Композицияның негізгі талабы — шығарманың көркемдік бірлігін табу.
Композициялық орталық
Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі үлкен болуы міндетті емес, бірақ назарды өзіне тартатын бөлікті композициялық орталық дейміз.
Қозғалыс пен тыныштық
Композиция заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты, қозғалыссыз тұрған күйін сенімді көрсетуге көмектеседі.
Көкжиек сызығы
Сурет салғанда көкжиек сызығын әртүрлі биіктікте белгілеуге болады — бұл да композициялық шешімнің бір бөлігі.
Композиция және мазмұн
Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның айқын, нанымды әрі әсерлі шығуына жағдай жасайды. Қарапайым тілмен айтқанда, шығарма көптеген бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара байланыстырып, біртұтас етеді.
Композиция мен сюжет
Композиция мен сюжет өзара тығыз байланысты: кейіпкер өз ортасына лайық іс-әрекетте бейнеленеді. Кейіпкердің әрекеті, психологиялық күйі, бояу ерекшелігі — бәрі де жалпы тақырыппен ұштасады.
Жоспарлау және түзету
Негізгі ой қалыптасқаннан кейін сурет салушы шығарманың жоспарын жасайды. Композициялық қисын толық дұрыс болды деп есептелгенше, қажет түзетулер енгізіледі.
Көмекші сызықтардың рөлі
Кеңістікте нысандардың өзара орналасуын дәл белгілеу үшін көмекші сызықтар (тік, көлденең, көлбеу) жүргізіледі. Олар бұрыштарды, көлбеулікті және пропорцияны анықтауға көмектеседі.
Маңызды қағида
Кез келген сурет композициядан басталады: нысанды орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағаз бетіне дұрыс түсіру — осының бәрі бастапқы негіз.
IV. Сарамандық жұмыс
Оқушыларға еркін тақырыпта сурет салдыру. Негізгі назар — композициялық орналастыруға, орталықты табуға, кеңістікті дұрыс беруге аударылады.
V. Сергіту сәті
Қиылған суреттерді құрастырып, олардың қай жанрға жататынын анықтау және түсіндіру.
Бекіту тапсырмасы
Тақырыпты бекітуге арналған сәйкестендіру тесті.
Автор туралы мәлімет
Мектеп
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебі.
Мұғалім
Бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі: Балмұханов Нұрболат Қобланұлы.