Тәрбиешінің әрекеті Ұйымдастыру кезеңі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ақтөбе қаласы, Кеңес Нокин ауылы, Благодар орта мектебінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Жайтуғанова Нұрлыгүл Шауқымқызы. Даярлық тобына арналған (0 «В» сыныбы) оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері».

Тақырыбы

Ер есімі – ел есінде

Мақсаты

  • Оқушыларға Ұлы Жеңістің маңызын танытып, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеуге баулу.
  • Ардагерлерді еске алып, олардың өмір жолы мен ерлігін таныту, үлгі-өнеге ету.
  • Отанға, елге, туған жерге сүйіспеншілікті оятып, елін құрметтеуге, қорғауға, ұлтжандылыққа және патриоттық сезімге тәрбиелеу.
  • Ой-өрісті дамыту, мәнерлеп айту дағдыларын жетілдіру, сөздік қорды молайту.

Тәрбиешінің әрекеті: ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Тәрбиеші: Армысыңдар, балапандарым!

Тәрбиеші: Қане, бәріміз мынау жарқын әлеммен амандасайық!

Тарих туралы ой

Тарих көші үнемі жаңарып отырады. Дегенмен, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Солардың бірі — әлемді дүр сілкіндірген Екінші дүниежүзілік соғыс.

1941 жыл: ауыр хабар

1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4:00-де бейбіт жатқан елге фашистік Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні-ақ байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады.

Ерлік пен бірлік

Ер-азаматтар асығыс майданға аттанды, кейбірі өз еркімен сұранып кетті. Жауынгерлер қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасып, батырлық пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Орасан зор майдан даласында соғыс қиян-кескі жүрді.

Қазақстанның үлесі

Бұл соғыста Кеңес Одағының өзге республикаларымен бірге Қазақстан халқы да аянбай жаумен шайқасты. Ел басына күн туған шақта бірлік пен жігер сыналды, ал ерлік — ұрпақ жадында мәңгі сақталатын құндылыққа айналды.