Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
Сабақ тақырыбы
Компьютер — әмбебап есептеуіш машина. Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Жалпы мақсат
Оқушыларды компьютер құрылғыларымен таныстыру.
Білімділік
- Дербес компьютермен (ДК), оның негізгі блоктарымен және олардың қызметімен таныстыру.
- ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету.
- Процессор және жедел жад (ЖЖҚ) ұғымдарын нақтылау.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке және тәртіпке үйрету.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі ойлауды дамыту.
Сабақ форматы және қолданылатын құралдар
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекі құралдар
- Компьютер
- Интерактивті тақта
- Слайд көрмесі
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Ой-сананы арттыру — бүгінгі күн талабы.
Біле білсең, бұл дәуір — информатика заманы.
-
II
Үй тапсырмасы
«Ой шақыру» — қызығушылықты ояту кезеңі.
-
III
Жаңа білімді игеру
Компьютер ұғымы, түрлері және негізгі құрылғылардың қызметі.
-
IV
Блиц-тренинг сұрақтары
Жылдам сұрақ-жауап арқылы білімді тексеру.
-
V
Қорытынды
Суретке қарап, ұқсастықтарын табу.
-
VI
Миға шабуыл
«Венгр жұмбағы» арқылы логикалық ойлауды дамыту.
-
VII
Бекіту және бағалау
Негізгі түсініктерді жинақтау, нәтижені бағалау.
-
VIII
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын беру және қысқаша қорытындылау.
Үй тапсырмасын тексеру: «Дода» ойыны
Ежелден белгілі есептеу құралдарының бірі — есепшот. Деректерге сүйенсек, оның жасы шамамен 2000–5000 жыл. Ол ертедегі Қытайда немесе Египетте, тіпті ежелгі Грецияда пайда болуы мүмкін. Қытайлықтар бұл құралды суан-пан, жапондықтар соробан деп атаған.
1-сұрақ
10 ұпайБұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар қалай атаған?
Жауабы: Абак
2-сұрақ
10 ұпайБірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-та, Пенсильвания университетінде жасалды. Құрастырушылары — Дж. Моучли мен Дж. Эккерт. Бұл алғашқы ЭЕМ қалай аталды?
Жауабы: ENIAC
3-сұрақ
20 ұпайСуретте қандай есептеуіш машинасы бейнеленген?
Жауабы: Mark I — электромеханикалық есептеуіш машина
4-сұрақ
20 ұпай1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, қандай есептеуіш машина құрастырды?
Жауабы: Арифмометр
5-сұрақ
30 ұпай1642 жылы дүние жүзінде алғаш рет механикалық есептеуіш машинаны кім құрастырды?
Жауабы: француз математигі Блез Паскаль
6-сұрақ
30 ұпайАлғашқы автоматты есептеуіш техникасының авторы, «компьютердің атасы» атанған ағылшын оқымыстысы кім?
Жауабы: Чарльз Бэббидж
Жаңа сабақ: Компьютер туралы түсінік
Анықтама
«Компьютер» сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер — деректерді бағдарламалар арқылы өңдеуге арналған электрондық құрылғы.
Қазіргі компьютердің мүмкіндіктері
Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, мәтін, дыбыс, графика сияқты әртүрлі ақпаратты өңдейді. Сондай-ақ технологиялық процестерді, деректер базасын және басқа да жүйелерді басқаруға мүмкіндік береді.
Дербес компьютер (ДК) және оның құрамы
Бұл типтегі компьютерлерді әлемде жүздеген өндіруші шығарады. Олар өнімділігімен, жады сыйымдылығымен және функционалдық мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Дегенмен, барлық ДК-лерде ақпаратты өңдеу және пайдаланушымен өзара әрекеттесу принциптері ұқсас.
Дербес компьютер өнеркәсіптік бұйым ретінде өзара жалғаушы кабельдер арқылы байланыстырылған бірнеше блоктан тұрады. Блоктардың құрамы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ компьютердің жұмыс істеуі үшін ең кемі үш негізгі блок қажет. Қалған құрылғылар қосымша деп есептеледі.
Қосымша құрылғылар мысалдары
- Принтер
- Дыбыс колонкалары
- Құлаққап
- Микрофон
- Модем
- Сканер
- Тінтуір (mouse)
- Трекбол
Жүйелік блок: компьютердің өзегі
Компьютердің негізгі жинағындағы басты элемент — жүйелік блок. ДК-дің жүйелік блогы — компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша. Оның ішінде:
- Аналық тақша (оған микропроцессор, жедел жад және басқа да тораптар орнатылады)
- Адаптерлер және басқарушы құрылғылар
- Қоректендіру блогы
- Жинақтауыштар: қатқыл диск және басқа тасымалдағыштар
- Контроллерлер және ажыратқыштар