Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу

Кіріспе сөз

Әділеттің ақ жолын ту еткен, елдің егемендігін, ынтымағы мен тұтастығын жоғары қойған, ұрпақ санасына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі қоғам қайраткері — Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың құрметіне арналған 1 желтоқсан — Президент күніне орай «Елбасымен біргеміз!» атты тәрбие сағаты ашық деп жарияланады.

Әнұран орындалады.

Арнау

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасынды құрметтейік ерекше,

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік.

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын, көпшілік,

Елбасының құрметіне жиылған.

Өмір жолына шолу

Елі құрмет тұтқан ел ағасы, ел үшін еңбек еткен Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолына қысқаша шолу жасайық.

Туған жері мен жылы

Н. Ә. Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.

Слайд 1

Балалық шағы

Балалық шағы үлкендерге мал бағу мен бау-бақша жұмыстарында көмектесумен өтті. Мектепте жақсы оқып, сапалы білім алды.

Отбасы

Ата-анасын ерекше құрметтеген. Әкесі — Әбіш, анасы — Әлжан. Інілері — Сатыбалды, Болат, қарындасы — Әмина. Туысы — Зейнеп.

Слайд 2–3

Еңбек жолының бастауы

Еңбек жолын Теміртау қаласында, Қарағанды металлургия комбинатында металлург болып бастады.

Слайд 4

Тәуелсіздік кезеңі және сайлау

Әлем таныған іскер саясаткер ретінде ел экономикасын нығайтып, Қазақстанды болашағы зор, көшбасшы елдердің қатарына қосу үшін еңбек етті. 1991 жылғы 1 желтоқсанда халық қолдауымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Слайд 5

Балалардың тілектері

Елбасымыздың мерекесіне орай бүлдіршіндер ақ жүрекпен өз тілектерін арнайды.

Темірлан

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Райымбек

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.