Баланың айласы
Сабақтың тақырыбы
«Баланың айласы» — Ыбырай Алтынсарин.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын тереңірек таныту; әңгіменің тақырыбы мен автордың идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу; шығарманың негізгі ойын анықтауға үйрету.
Дамытушылық
Бағыт-бағдар бере отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге, шығармашылық тапсырмаларда шапшаңдық танытуға, қорытынды шығаруға машықтандыру; танымдық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік
Әңгіменің мазмұны арқылы жамандықтан аулақ болып, жақсылыққа жақын болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Әңгімелеу
- Іздену
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, түгендеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- «Алақан жаттығуы»: Көршіңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
II. Мақсат қою кезеңі
Сабақтың мақсаты мен тақырыбы хабарланады: бүгін біз жаңа тарауды бастаймыз. Тараудың атауы — «Жақсыдан үйрен».
Жаңа сабаққа даярлық тапсырмасы
Берілген сызбаның сол жағындағы мақал-мәтелдерге мән беріп, оң жағындағы негізгі ойды білдіретін сөз тіркестерін сәйкес тұсына жазыңдар.
III. Кіріспе
Бөлім атауына мән беріп, тақырыптың мазмұнын ашыңдар. Сызбаны өз сөздеріңмен толықтырыңдар:
IV. Жаңа сабақ (ой ашар)
Жаңа тақырып топтық талдау арқылы меңгеріледі. Төмендегі сұрақтар оқушылардың бастапқы білімін анықтауға бағытталған:
- Ы. Алтынсарин кім? Қай жерде, қай жылы дүниеге келген?
- Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?
- Қандай оқулық жазған?
Негізгі деректер
- Ақын, жазушы, ұстаз.
- 1841–1889 жж.
- Қостанай өңірінде дүниеге келген.
Мысал шығармалар
- «Кел, балалар, оқылық!»
- «Өнер-білім бар жұрттар»
- «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы
Оқулықпен бағыттау
Оқулықтың 161-бетін ашып, Ы. Алтынсариннің «Баланың айласы» әңгімесін оқимыз.
Түсінік сұрағы
«Айла» сөзін қалай түсінесіңдер?
V. Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді мәнерлеп оқу.
- Плакаттағы суреттер арқылы мазмұнымен танысу.
- «Түртіп алу» әдісі арқылы негізгі ойларды белгілеу.
Сөздікпен жұмыс
- Төре (төрелік)
- Даулы мәселені шешетін ақсақал не ақылды, беделді ер-азамат.
- Әкім
- Басқарушы, билік иесі.
- Әйдік
- Үлкен, әйгілі.
- Ғалым
- Білімді, зерттеу жасап, жаңалық ашатын адам.
VI. Оқулықпен жұмыс (талдау)
- Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды.
- Рөлге бөліп оқиды.
Сұрақ-жауап
- Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесің?
- Ғалым не істеді? Неліктен тасты көтерді?
- Тастың астынан не шықты? Ол не деді? («Шағамын».)
- Төрешіге жүгінейік деген ұсыныс қалай пайда болды?
- Кімдерге (нелерге) барды? Төрешілер не деді? (түйе, жеміс ағашы, ит, бала)
VII. Дәптермен жұмыс
Үш қатар жоспар бойынша дәптерге мәтіннен негізгі ойды тірек етіп көшіріп, өз түсінгендерін қысқаша баяндайды:
- 1 Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы.
- 2 Жеміс ағашына жолығуы.
- 3 Итке жолығуы.
VIII. Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.
Қорытынды
«Баланың айласы» әңгімесі арқылы оқушылар мәтіннің негізгі ойын табуға, кейіпкерлер әрекетіне баға беруге және адамгершілік құндылықтарды өмірмен байланыстыра түсінуге машықтанады.