Жұрнақ тобы
Қазақ тілі
- Тақырыбы
- Жұрнақ пен жалғау
- Сабақтың типі
- Қорытындылау сабағы
- Сабақтың түрі
- Ойын сабағы
- Әдістер
- Іздендіру, шығармашылық, Венн диаграммасы
- Ресурстар
- Қима қағаздар, суреттер, стикерлер
Мақсаты
Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін пысықтау.
Міндеттері
- Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін пысықтау.
- Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге жаттықтыру.
- Сауатты, көркем жазуға және білімді өмірмен байланыстыра қолдануға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Жұрнақ пен жалғау туралы білімдері пысықталады.
- Сөз құрамына талдау жасауға жаттығады.
- Өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
Кіріспе кезең1) Ұйымдастыру кезеңі — психологиялық дайындық
Қайырлы күн деп айтамыз,
Мектептен білімді боп қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Сәтті күн болсын!
2) Сабақ мақсатымен таныстыру
Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері түсіндіріледі.
3) Үй тапсырмасын тексеру — «Жылдам жауап берейік!»
- • Қосымшалар нешеге бөлінеді?
- • Жұрнақ деген не?
- • Жалғау деген не?
Жалғау тобы
5 жалғауы бар сөз жазады.
Жұрнақ тобы
5 жұрнағы бар сөз жазады.
Қосымша тобы
Жұрнағы да, жалғауы да бар 5 сөз жазады.
Ескерту: Әр оқушы тапсырманы топ ішінде жеке орындайды.
II. Мағынаны ажырату
Негізгі бөлім4) Оқулықпен жұмыс — «Талдап көр, таңдап көр!»
Жалғау тобы
1-жаттығу: Өлеңді оқып, қалың қаріппен берілген сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдау жасайды және дәлелдейді.
Жұрнақ тобы
2-жаттығу: Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жазады.
Қосымша тобы
4-жаттығу: Мәтінді оқып, қалың қаріппен берілген сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдау жасайды және дәлелдейді.
5) Сергіту сәті
Гүлдердің атын атап, сөз құрамына талдау жасайды.
Ойын — «Суретке қарап сөйлеп көр!»
Жалғау тобы
Сурет бойынша сөйлем құрастырады.
Жұрнақ тобы
Түбір мен қосымшаны ажыратады.
Қосымша тобы
Сызба арқылы көрсетеді.
6) Ойын — «Кестені толтырып көрейік!» (5-жаттығу)
Жалғау тобы
Түбір сөздерді жазады.
Жұрнақ тобы
Жұрнақ жалғанған сөздерді жазады.
Қосымша тобы
Жалғау жалғанған сөздерді жазады.