Өкінішпен оянуға өмір тым қысқа

Көңілің түскенде оқы

Өмірдің басқа атауы жоқ. Өмірдің аты — өмір. Әр адам өз өмірінің суретшісі, өз бақшасының бағбаны. Сіз қандай болсаңыз, өміріңіз де сондай.

Кейде бәрін басынан бастағыңыз келіп, жан дүниеңіз құлазып кетеді. Мың құбылған тіршілік барысында бәрінен жалығып, көңілсіз қалған сәтте төмендегілерді есіңізге түсіріп көріңіз. Жай ғана мұң басқан кезде де оқуға болады.

Есіңізге салып қоятын 13 ой

  1. 1

    Жер бетінде кем дегенде 2 адам сіз үшін өмірін қиюға дайын.

  2. 2

    Кем дегенде 13 адам сізді өзінше жақсы көреді.

  3. 3

    Егер біреу сізді жек көрсе, оны сізге ұқсағысы келетіні деп түсініңіз.

  4. 4

    Сіздің күлкіңіз сізді ұнатпайтындарды да бейжай қалдырмайды.

  5. 5

    Кеш батқан сайын, ұйықтар алдында сізді ойлайтын бір адам табылады.

  6. 6

    Бір жан үшін сіз — бүкіл әлемсіз.

  7. 7

    Өміріңіздегі ең үлкен қателікті жасаған кезде де, сол қателікпен бірге бір жақсылық ілесе келеді.

  8. 8

    Өмір сізден теріс айналғандай көрінсе, оған басқа қырынан қарап көріңіз.

  9. 9

    Өмір тағы бір мүмкіндік беріп тұрғанда, есіңізде бір нәрсе ғана болсын: сіздің қолыңыздан бәрі келеді.

  10. 10

    Өкінішпен оянуға өмір тым қысқа.

  11. 11

    Сізге дұрыс көзқараспен қарайтын жандарды жақсы көріңіз, жақсы көрмейтіндерді ұмыта салыңыз. Әр нәрсенің өз себебі бар екенін түсініңіз.

  12. 12

    Мүмкіндік туса — оны қажетке жаратыңыз. Егер сол мүмкіндік өміріңізді түбегейлі өзгертетін болса, өзгеріске бейімделіңіз.

  13. 13

    Ешкім сізге бәрі оңай болады демеген. Тек өмірде болатын дүниелер соған лайық екенін ескерткен.