Тіркесті сөздер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Тақырып бойынша мәлімет беру.
- Оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына назар аударту.
- Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты ретімен баяндауға үйрету.
Дамытушылық
- Тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін жетілдіру.
- Ой-өрісті және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Сөздік қорды молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік
- Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Көрнекілігі
Оқулық, суреттер, грамматикалық кесте.
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Дайындық- 1Сәлемдесу.
- 2Оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
- 3Оқушылардың назарын сабаққа бағыттау.
II. Өткен сабақты қайталау және пысықтау
ҚайталауА) Мәтінді әңгімелеу
Оқулық: 157-бет, 2-тапсырма.
Ә) Аударма диктант
Сөздер: враг, нападение, тренер, инструктор, официально, выносливость.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру
Жаңа тақырып1) Грамматикалық тақырып
Тіркесті сөздер бойынша жұмыс.
2) Лексикалық тапсырма (диалог)
Оқулық: 160-бет, 1-тапсырма. Диалогті сұрақтармен толықтырып, жазып алу.
Үлгі
— Жеңіл атлетика спорттың қандай түрі?
— Жеңіл атлетика — ежелден келе жатқан жүгіру спорт түрі.
— Жеңіл атлетикада жүгірудің қандай қашықтық түрлері бар?
— 30 м, 60 м, 100 м, 200 м, 800 м, 1500 м, 3000 м, 5000 м, 10000 м және марафон (42 км 195 м) түрлері бар.
3) Жазылым
2-тапсырмадағы сөздерге тиісті жалғауларды қойып жазу.
А) Жаттығу кезінде спортшы әртүрлі жаттығулар арқылы бұлшық еттерін шынықтырады.
Ә) Жаттығудан кейін суық су ішпеу, суық тиюден сақтануға тырысу керек.
IV. Жаңа сабақты бекіту
БекітуСурет бойынша жұмыс: «Бұл кімдер?» сұрағына жауап беру.
- Ермахан Ибраимов
- Бекзат Саттарханов
- Жақсылық Үшкемпіров
- Ольга Шишигина
- Бақтияр Артаев
- Әлия Юсупова
V. Сабақты қорыту
ҚорытындыАударма табу
Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын табу.
- Шұғылдану
- Жеке қорғаныс
- Қабілеттер
- Жетілдіре алу
- Тыйым салу
- Жабдықталған
Сөйлем құрау
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, сөйлемдер құрастыру.
Талап: әр сөйлемде кемінде бір тіркесті сөз қолдану, мағынасы нақты және сауатты болуы тиіс.
VI. Үй тапсырмасы
Үй жұмысыТопқа бөлу
- 1-топ: Ермахан Ибраимов туралы қосымша мәлімет жинау.
- 2-топ: Бекзат Саттарханов туралы қосымша мәлімет жинау.
VII. Бағалау
БағалауСабақ жоспарының толық нұсқасына сәйкес бағалау жүргізіледі.