Құттықтау сөзін мектеп директоры

«Жолың болсын, балдырған!» ертеңгілігі

Бұл ертеңгіліктің мақсаты — оқушылардың жыл бойы алған білімін, меңгерген дағдыларын және шығармашылық нәтижесін көрсету; балалардың сөздік қорын, тілін, ой-өрісін кеңейту; ұйымшылдыққа және имандылыққа тәрбиелеу.

Залды безендіру

  • Зал мерекедегідей әсем безендіріледі.
  • Гүлдер, шарлар, құстар ілінеді.
  • Әдемі музыка әуенімен оқушылар залға кіреді.

Әнұран

Ән орындалады.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі

Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер мектепалды даярлық сынып шәкірттерінің «Жолың болсын, балдырған!» қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Құттықтау сөзі

Мектеп директоры — Бірманова Қымбат Исланбекқызы

Құттықтау сөзі

Оқу ісі жөніндегі орынбасары — Ахметова Лаззат Шәкейқызы

Өлеңмен жалғау

Сөйледі олар тіл бітіп, небір қызық сырларды.

Тыңдай бердім мен жұтып, тіл біткен тақпақ-жырларды.

Тақпақтар (1–7 оқушы)

1-оқушы

Сәлем саған, мектебім,

Сәлем, білім ордасы.

Жасыл бақты мектебім —

Жастық шақтың жолдасы.

2-оқушы

Биыл күзде мектепке

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын текке мен —

Дайын дәптер, қаламым.

3-оқушы

Біз мектепке барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Кітапты да оқимыз,

Суретті де саламыз.

4-оқушы

Қанатым талмайды,

Қиялым самғайды.

Ақын да, ғалым да —

Ұстазсыз болмайды.

5-оқушы

Мектепке биыл барамын,

Қолыма кітап аламын.

Дайын тұр менің портфелім,

Дайын тұр жазар қаламым.

6-оқушы

Сенен біліп шығармын

Аспан барын, күн барын.

Сен арқылы ұғармын

Жұмбақ әлем сырларын.

7-оқушы

Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы баламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

Ән: «Айгөлек»

Десек те уақытпен жарыспайды, қияға қиялменен қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, өнерін баршамызға бағыштайды.

Би: Вальс (0 «В» сыныбы)

Аққудай өрнек салған көл бетіне, бишілер билеп кетті тербетіле. Бұралып тал шыбықтай тұла бойы, шаттық пен күлкі үйірілді келбетінде.

Ойын: «Қыз қуу»

Әуен ойнап тұрады. Балалар, алдымен ойынның шартын мұқият тыңдап, танысып алайық.

Тақпақтар (8–13 оқушы)

8-оқушы

Енді мен үлкен баламын,

Ананың тілін аламын.

Әжемнің барлық айтқанын

Миыма құйып аламын.

9-оқушы

Ардақты мұғалім —

Білімнің бұлағы.

Таусылмас сен жайлы

Тасқынды жыр-әнім.

10-оқушы

Мереке күніңмен

Құттықтаймын бүгін мен.

Ойыма ой қосам

Сен берген біліммен.

11-оқушы

Баспалдақтан біртіндеп

Мен ұшамын қияға.

Сен тұрасың күлімдеп,

Ұқсап алтын ұяға.

12-оқушы

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Үлкен болып өссек те,

Бақшамызды қимаймыз.

13-оқушы

Ән салайық бас қоса,

Бақшаменен қоштаса.

Қалам, дәптер, өшіргіш —

Кітаптармен достаса.

Ән: «Бала тілегі»

Ән орындалады.

Сауат ашумен қоштасу

Қош бол, құтты Сауат ашу,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлестің.

Ойын: «Мектепке дайынсың ба?»

Екі командаға бөлінейік. Мақсат — әріптерді қаншалықты меңгергенімізді тексеру.

1-топ

«әке», «апа», «мама» сөздерін жазады.

2-топ

«әже», «папа», «ата» сөздерін жазады.

Сұрақтар

  • Бірінші сөзде неше әріп бар?
  • Неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?
  • Дыбыс деген не?
  • Әріп деген не?

Өте жақсы, балалар!

Ән: «Қошақаным» (Таласбек Ерсұлтан)

Ән орындалады.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Құрметті аталар мен аналар, ортаға 8 ата-ананы шақырамыз. Қане, кім шапшаң екенін байқап көрейік!

Би көріністері

Шіркін-ай, әнші, жыршы, күйшілер-ай, сұлу әуен көңілге құйсын арай. Аққу құстай құйқылжытып, мың бұралған қазақтың бишілері-ай.

Кезекте — сұлу қыздарымыздың биі. Қазақ биіне әдемі де әсем қыздарымызды шақырамыз.

Есептер

1-есеп

Сатып алдым 1 сәбіз, қойды үйрек себетке. Тағы сонша қосса оған, нешеу болмақ әдетте?

Балалардың жауабы тыңдалады.

2-есеп

Алма бағы жайнаған, қызыл алма айналам. Алдым үзіп бесеуін, тағы да алам бесеуін. Алдым сонда нешеуін?

Балалардың жауабы тыңдалады.

Ата-аналарға құрмет

Асыл сөзбен ата-анаға ой салайық, екі ортаға алтыннан жол салайық. Құрметтеп келген ата-аналарды сахнаға шақырайық!

Қорытынды

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,

Тілектермен нығайсын берекеміз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осымен аяқталды мерекеміз!