Суретке қарап хабарлы, сұраулы сөйлемдер жазу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп

Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы

Пән

Қазақ тілі

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі Абдулова Инеш Хадымқызы

Сабақтың тақырыбы

Сөйлем

Сабақтың түрі

Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы

Әдіс-тәсілдер

Еркін жазу, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Көрнекіліктер

Суретті парақшалар, перфокарталар, тақырыпқа арналған слайдтар жиынтығы.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды сөйлем және сөйлем түрлерімен таныстыру, сөйлемдерді тыныс белгілеріне қарай ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

Ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, өз ойын жатық сөйлемдермен жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Бір-бірін тыңдай білуге, сыйластыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Жаңа тақырып: «Сөйлем»

Негізгі түсінік

  • Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
  • Сөйлем сөздерден құралады.

Жазылу ережелері

  • Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылады.
  • Сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.

Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлері

Хабарлы

Ақпарат береді, ойды баяндап айтады.

Сұраулы

Сұрақ қойылады, жауап күтеді.

Лепті

Көңіл-күй, әсер, сезімді білдіреді.

Бұйрықты

Өтініш, бұйрық, талап мәнін береді.

Оқушылар берілген материалдарды пайдаланып, тақырыпты топпен бірлесіп түсіндіреді. Мұғалім қажет жерінде түзетіп, толықтырады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды 2 топқа бөлу.
  • «Шаттық шеңбері»: оқушылар бір-біріне тілек айтады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Мәтін тақырыбы бойынша оқушылар білетіндерін бірлесіп қағаз бетіне түсіреді.

III. Бекіту және тәжірибелік жұмыс

1) Топтық жұмыс

I топ: Кітаппен жұмыс (1-жаттығу)

  • 1) «Білім, кітап, бұлақ»
  • 2) «Кітап — білім бұлағы.»

Тапсырма: Қайсысы сөйлем? Неліктен?

II топ: «Сөз-моншақ» құрастыру

Берілген сөздерден мағыналы сөйлем құрастыру:

«Сендерге көмектеседі кітап болуға білімді.»

Ескерту: Оқушылар сөйлемді дұрыс сөз тәртібімен құрап, тыныс белгісін қояды.

2) Шығармашылық жұмыс: «Еркін жазу»

Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру:

I топ

Хабарлы және сұраулы сөйлемдер жазу.

II топ

Хабарлы және лепті сөйлемдер жазу.

3) Сергіту сәті

Әуен тыңдалып, оқушылар әнді бірге орындайды:

Ардақтайтын Астанам,

Мәртебелі бас қалам.

Көркейе бер күн сайын,

Алға қарай бас қадам!

4) Көркем жазу

Ана тілің — еркіндігің, теңдігің,

Мақтанышың, елдігің.

5) «Кімнің ойы ұшқыр?» ойыны

Бір сөйлем жазып, оны сұраулы және лепті сөйлемге айналдырып қайта жазу.

IV. Қорытынды

«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы бойынша әр оқушы сөйлем туралы не білгенін айтады, сыныптастары толықтырады.

V. Үй тапсырмасы

«Атырау», «туған жер», «мектеп», «білім» сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру.

VI. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады.