Пәнаралық байланыс. Топтарға бөлу

Математика • 2-сынып

Сабақ тақырыбы: Есептер шығару

Бұл сабақта оқушылар санаудың ірі бірлігі — жүздікті құрастыруды меңгереді және 1000-ға дейін жүздіктермен санауды, жазуды үйренеді.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

  • Санаудың ірі бірлігі — жүздікті құрастыру.
  • 1000-ға дейін жүздіктермен санау және жазу.

Бағалау критерийлері

  • Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың барлығы

  • Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Жазба жұмысын орындайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көбісі

  • Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
  • Өз бетінше жұмыс жасайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.
  • Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі

  • Оқулықтан тыс берілген тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді.

Ресурстар

  • Оқулық, суреттер.
  • Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар.
  • Топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикерлер.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап.
  • Әңгімелеу, түсіндіру.
  • Ойын, көрнекілік.
  • Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка Қазақ тілі Көркем еңбек

Сабақтың басталуы

5 минут

1) Бағалау парақшасымен таныстыру

Оқушыларға бағалау парақшасының құрылымы мен талаптары түсіндіріледі.

2) Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Шаттық шеңбері» арқылы жылылық, сенімділік және еркіндік деңгейі дамытылады. Қатысушылар шеңбер болып тұрады.

3) Топтарға бөлу

Кеспе қағаздар мен үлестірмелер арқылы оқушылар топтарға бөлінеді.

Шаттық шеңбері: өлең жолдары

Біздің келер шамамыз,

Бестен үшті аламыз.

Төртті қосып екіге,

Жауабын тез табамыз.

Автор туралы

Мекеме
Байқоңыр қаласы №275 орта мектеп
Лауазымы
Бастауыш сынып мұғалімі
Аты-жөні
Халдарова Гүлмира Еркінқызы