Алоэның емдік қасиеттері жайында түсінік беру

Жоба туралы мәлімет

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің биология пәні мұғалімі — Куанбекова Жұпар Жұматовна.

Тақырып

Алоэның пайдасы

Мақсаты

Мектеп оқушыларының дені сау әрі үйлесімді дамуы үшін салауатты өмір салтын ұстануға баулу, дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданудың маңызын түсіндіру және олардың құрамындағы биологиялық белсенді заттардың ағзаға әсері туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері

  • 1

    Салауатты өмір салтын сақтауға баулу және сауығудың практикалық әдіс-тәсілдерін қолдану.

  • 2

    Ғылымның соңғы жетістіктері негізінде денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын сақтау тәсілдерін оқып-үйрену.

Болжам

1-болжам

Егер оқушының салауатты өмір сүру дағдылары күшейсе, өмірге деген көзқарасы қалыптасып, денсаулыққа жауапкершілігі артады.

2-болжам

Денсаулықты нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктердің бірі — алоэны тиімді пайдалану жолдары тәжірибеде жүзеге асырылады.

Күтілетін нәтиже

  • Емдік қасиетіне байланысты «үй гүлдерінің королі» атанған алоэны баптап-күтуге белсенді қатыса алады.

  • Алоэ шырынын әртүрлі жағдайларда қолдану тәсілдерін меңгереді.

Зерттеу әдістері

Сұхбат Сауалнама Пікірталас Ақпарат жинау Мәселені шешу

Жоспар

І бөлім

Кіріспе

ІІ бөлім

  • Зерттеу бөлімі
  • 1) Алоэ туралы не білеміз?
  • 2) Алоэның емдік қасиеттері
  • 3) Алоэ қай ауруларға пайдалы?

ІІІ бөлім

Қорытынды

Кіріспе

«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады» (халық даналығы).

Қазақстан жері әртүрлі табиғи аймақтардан — орманды-дала, таулы өңірлерден тұрады. Осындай ұланғайыр өлкеде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда да адамзат өсімдік өнімдерінің тек тағамдық емес, емдік, шипалық қырын да жоғары бағалаған.

Ерте заманнан бері мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің және жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін жақсы білген. Халық медицинасының дамуына Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Бируни, әл-Джуржани секілді ғалымдар зор ықпал етті.

Өсімдіктердің медицинадағы орны

Жер жүзіндегі дәрілердің шамамен 40%-ы өсімдіктерден дайындалады. Өсімдік тектес препараттардың үлесі әртүрлі бағытта өте жоғары: жүрек ауруларын емдеуге арналған дәрілердің 78%-ы, асқазан-ішек пен бауыр дәрілерінің 75%-ы, қақырық түсіретін дәрілердің 80%-ы, қан тоқтататын дәрілердің 65%-ы өсімдіктерден алынады.

Шипалы өсімдіктер қатарына сәндік өсімдіктер де, бау-бақшада өздігінен өсетін арамшөптер де жатады. Олардың жер үсті және жер асты мүшелерінде үй жағдайындағы «шағын дәріханаға» қажет бағалы заттар болады.

Адам баласы ақыл-ойы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып, 20 мыңнан астам мәдени өсімдік түрін қолдан өсіріп шығарды. Бүгінде олар адамның игілігіне қызмет етеді.

Неге дәрілік өсімдіктерді қолдану маңызды?

Ғасырлар бойы сұрыпталған тәжірибе көрсеткендей, аулада немесе үйде өсетін қарапайым дәрілік өсімдіктердің пайдасы мол. Дәрілік өсімдіктерден жаңадан дайындалған тұнбалар мен ерітінділер кей жағдайда химиялық жолмен жасалған дәрілерге қарағанда тиімді болуы мүмкін. Соңғы жылдары медицинада шөппен емдеу — фитотерапия бағытына ерекше назар аударылып отыр.

Дегенмен өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес. Сондықтан оларды орынды пайдалану және қорғау — өмірлік маңызы бар міндет. «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген сөз бекер айтылмаған.

Дәрілік өсімдіктерден жасалатын дәрілердің әсерін анықтау үшін олар арнайы зерттеледі: алдымен тәжірибе жүзінде тексеру, бақылау, салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Қазақ емшілері қолданған ем-домның қайнар көзі табиғат екені белгілі.

Емдік құралдардың негізгі көздері

1) Өсімдіктер

Сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі, шайыры және тұқымы дәрілік мақсатта қолданылады.

2) Хайуанаттар мен жәндіктер

Сүйек, ет, сүт, май, жүн т.б. пайдаланылады (мысалы: бұғы мүйізі, сиыр сүті, сүлік).

3) Минералды заттар

Мыс, сынап, күкірт, ашудас сияқты минералдардың да емдік қасиеттері бар.

Дәрілік өсімдіктерді сапалы жинау үшін оларды емдік қуаты ең жоғары болатын мезгілде теру қажет. Өсімдікті жинағаннан кейін оны жас күйінде пайдалану немесе дұрыс кептіріп, жақсы сақтай білу — емдік қасиетін жоғалтпаудың басты шарты.

Кептіру кезінде өсімдіктің ерекшелігіне қарай күн көзіне кептіру, көлеңкеде самалдатып кептіру сияқты әдістер қолданылады. Дайын шөптік дәрілерді ұзақ сақтағанда құрт түсу, көгеру, шіру сияқты жағдайлардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуі керек.

Келесі қадам

Дәрілік мақсатта кең қолданылатын бөлме өсімдіктерінің бірі — алоэ. Ендігі бөлімдерде осы өсімдіктің қасиеттеріне және қолдану жолдарына тоқталамыз.