Семей қаласында
Сабақтың мақсаты мен ұйымдастырылуы
Мақсаты
Көп таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу амалын орындау дағдысын қалыптастыру және білімді тексеру.
Сабақтың түрі
Саяхат сабағы.
Көрнекілігі
Семей қаласының мәдени орталықтары белгіленген карта.
Сабақтың барысы: «Семейге саяхат»
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.
II. Кіріспе
Балалар, бүгін математика сабағында саяхатқа аттанамыз. Біз қай қалада тұрамыз? Семей қаласында.
Семей қаласында көптеген мәдени орталықтар бар. Оларға саяхат жасау үшін көлікпен жолға шығамыз. Барлығымыз автобусқа отырамыз.
Жолға шығар алдындағы шарт
Мектептен шығар алдында ауызша есептер шығарамыз. Есепті тез және дұрыс орындасақ, автобусқа да тез мінеміз.
90 : 6 · 100 : 50 · 4 · 3 : 60 · 1000 : 1500
Нәтиже: 4
88 : 2 + 6 : 2 · 5 + 125 : 50 · 10 · 100
Нәтиже: 5000
4000 : 1000 · 6 · 100 : 1200 · 700 : 70
Нәтиже: 20
Жақсы, есептерді дұрыс әрі жылдам шығардық. Енді жолға аттанайық.
Қауіпсіздік ережесі
Автобусқа мінгенде жол жүру ережесін еске түсіреміз: автобусқа артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығамыз.
1-аялдама: Аспалы көпір және Биологиялық орталық
Біз аспалы көпірден өтіп бара жатырмыз. Көпір өте әдемі. Келесі бағытымыз — биологиялық орталық.
Биологиялық орталыққа келдік. Ішке кіру үшін математикалық тапсырма орындаймыз: оқушылар тақтада есеп шығарады, жауаптары тексеріледі. Есеп дұрыс болса, орталыққа кіреміз.
Мұғалім сұрайды: «Биыл қай жыл?» Оқушылар жауап береді: «Қой жылы».
Әр жыл жануардың атымен аталатынын еске түсіреміз. Орталықта жануарлар мен құстарды бақылап, олардың қамқорлыққа мұқтаж екенін талқылаймыз.
2-аялдама: Абай мұражайы
Енді автобусқа мініп, Абай мұражайына жол тартамыз. Мұражайда Абайдың жеке заттары мен кітаптары сақталған.
Мұражайға кіру үшін есеп шығарамыз.
Мәтін есеп
Ерзат бағасы бірдей 5 кітап, ал Азат 3 кітап сатып алды. Ерзат Азаттан 180 теңгеге артық төледі. Кітаптың бағасы қанша? Әрқайсысы қанша төледі?
1) 5 − 3 = 2 (кітап)
2) 180 : 2 = 90 (тг)
3) 90 · 5 = 450 (тг)
4) 90 · 3 = 270 (тг)
Жауабы
- Кітаптың бағасы: 90 теңге
- Ерзат төледі: 450 теңге
- Азат төледі: 270 теңге
Қосымша тапсырма: кітап туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? (Оқушылар жауап береді.)
3-аялдама: Балалар саябағы
Автобуспен Балалар саябағына келдік. Саябаққа кірерде бізден жұмбақтарды шешу сұралады (жұмбақ магнитофоннан оқылады, оқушылар жауап береді).
а) Жұмбақ
Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде,
Бірі — бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін де,
Бермейді олар намысын.
Жауабы: шахмат
ә) Жұмбақ
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
Жауабы: сызғыш
б) Жұмбақ
Тау астында төрт бала,
Кезек-кезек ойнаған.
Төрт баланың қолына,
Төрт айды әкеп байлаған.
Жауабы: аттың төрт аяғы, төрт тағасы
в) Жұмбақ
Бір мақұлы бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
Ашуланса, аяқ-қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты.
Жауабы: кірпі