Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №37 ЖОББМ
Химия және биология пәндерінің мұғалімі: Букенбаева Асемгүл Рахимовна
Пәні: Биология
Сыныбы: 8
Тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе.
Сабақ мазмұны
Сабақ барысында тыныс алу жүйесінің негізгі бөліктері қарастырылады: мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар. Олардың құрылысы мен қызметі, сондай-ақ өкпенің құрылысы, өкпенің қызметі және өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу түсіндіріледі.
Мақсаты
Тыныс алу мүшелері мен олардың қызметі туралы білімді тереңдету және оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- A Тыныс алу мүшелері туралы түсінік қалыптастырады.
- B Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметін салыстырмалы түрде сипаттай алады.
- C Өкпе мен ұлпалардағы газ алмасу механизмін ажыратып, салауатты өмір салтын сақтауға дағдыланады.
Дереккөздер мен құрал-жабдықтар
Сабақтың барысы
Кіріспе
7 минут
- Амандасу.
- «Стикердегі диалог» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Тұсаукесер
5 минут
Оқушылар топқа бөлінеді: берілген сөздерден сөйлем құрастырады. Бейнеролик арқылы адамның тыныс алу мүшелері көрсетіледі.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Тірі ағзаны өлі ағзадан қалай ажыратуға болады?
- Тыныс алудың маңызы қандай?
- Тыныс алу жүйесінің қандай мүшелерін білесіңдер? Олар қалай аталады?
- Бұл тақырып бойынша қандай мақсат қоямыз?
Табыс критерийлері
- 1 Тыныс алу мүшелері туралы түсінік аламын.
- 2 Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметін салыстырмалы түрде сипаттай аламын.
- 3 Өкпе мен ұлпалардағы газ алмасу механизмін ажыратып, салауатты өмір салтын сақтауға дағдыланамын.
Негізгі бөлім
15 минут
Терминдермен жұмыс
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өз бетінше меңгереді. Тақырыпты оқып-үйренуге уақыт беріледі.
Топтық тапсырмалар
1-топ
Тыныс алудың маңызы.
2-топ
Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметін тірек-сызба арқылы түсіндіру.
3-топ
Өкпенің құрылысы мен қызметін топтастыру.
4-топ
Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасуды Венн диаграммасы арқылы түсіндіру.