Қуан шаттан

Сабақтың тақырыбы

7 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты

7 санының пайда болуы мен мағынасын түсіндіру, 7 санын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып меңгерту.

Білімділік

  • 7 санымен таныстыру және құрамын анықтау.
  • 7 санының қатарын ретімен ауызша санауда жаттықтыру.
  • «7 күн», «7 шелпек», «7 лақ» ұғымдарымен таныстыру.
  • Көңілді есептер арқылы 7 саны көлеміндегі білім-біліктілікті арттыру.

Тәрбиелік

  • Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.
  • «Жеті лақ» ертегісінен сахналық көрініс, жұмбақ, есеп, санамақ арқылы қызығушылығын ояту.
  • Ептілікке, өзара достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Сөйлеу әрекетін жетілдіру, сұраққа толық жауап беру дағдысын арттыру.
  • Қабылдау ынтасын дамыту, ойлау үдерісін жетілдіру.
  • Сөздік қорын молайту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Ой қозғау Әңгімелеу Логикалық ойын Сұрақ-жауап Көрсету Сахналау Санау Қайталау Сергіту сәті Бағалау Қорытындылау

Қажетті көрнекіліктер

  • 7 санының таңбалары.
  • Үй жануарларының суреттері және төлдері.
  • «Жеті лақ» ертегісі бойынша атрибуттар.
  • Шарлар.

Сергіту сәті

Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты бүгінде күн.

Балалар, осы уақытқа дейін математикадан не үйренгенімізді қайталап, жаңа сабағымызды бастаймыз. Мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақтар

Жұмбақ 1

Алғашқысы суытады өлкені,
Екіншісі жылытады жер бетін,
Үшіншісі көк теңізге бар дейді,
Төртіншісі ұсынады бар дәмін.

Жылдың 4 мезгілі Қыс Көктем Жаз Күз

Жұмбақ 2

Жеті бауыр туыспыз,
Атамыз өзге демесең.
Жұмған жұдырық, уыспыз.

Жауабы: Апта күндері

Өткен сабақты қайталау сұрақтары

  1. 5 санынан кейін қандай сан келеді?
  2. Қандай пішіндерден үй салуға болады?
  3. Үш бұрышы, үш қабырғасы бар пішінді ата.
  4. 6 саны неге ұқсайды?
  5. Күзде жаңбыр жауады, ал қыста не жауады?
  6. Құстарда қанат болса, адамдарда не бар?
  7. Ішінде «жеті» саны кездесетін қандай ертегіні білесіңдер?

Жаңа сабаққа кіріспе: «Төлдерге қамқорлық»

Сабақты «Төлдерге қамқорлық» тақырыбынан бастаймыз. Үй жануарлары туралы не білесіңдер? Үй жануарлары мен олардың төлдерін атап көрейік.

Жылқы

Жылқы төлі — құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.

Сиыр

Сиыр төлі — бұзау,
Сүйкімді әрі асау.

Түйе

Түйе төлі — ботақан,
Мөлдіреп көзі ойнаған.

Қой

Қой төлі — қошақан,
Өрісте қашқан қорадан.

Ешкі

Ешкі төлі — лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ.

7 саны туралы түсінік

Нені есте сақтаймыз?

  • 7 саны шалғыға ұқсайды.
  • Аптада 7 күн бар.
  • Халық ұғымында «7 қазына» туралы түсінік кездеседі (ертегілер мен аңыздарда).
  • «7 шелпек», «7 лақ» сияқты тұрақты ұғымдар бар.

Практикалық тапсырма

Сурет бойынша 7 санының құрамын табайық: 7-ні әртүрлі қосылғыштарға жіктеп көріңдер (мысалы, 1+6, 2+5, 3+4).

1 + 6 = 7 2 + 5 = 7 3 + 4 = 7