Қолдарын жаттықтыруға, сөздерді оқу мен жазуға үйрету

Сауат ашу сабағы

С дыбысы мен әрпі

Бұл жоспар оқушыларды С дыбысы және С әрпімен таныстыруға, оның дауыссыз дыбыс екенін меңгертуге бағытталған.

Сабақтың түрі

Дамытушылық сабақ

Пәнаралық байланыс

Математика, бейнелеу өнері, дүниетану, өзін-өзі тану

Мақсаты

Оқушыларға С дыбысы мен әрпін таныстыру және оның дауыссыз дыбыс екенін меңгерту.

Міндеттері

Білімділік

  • Буын туралы түсініктерін кеңейту.
  • Қолдарын жаттықтыру, сөздерді оқу және жазуға үйрету.
  • Сөздерге талдау жасай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту.
  • Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
  • Көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелілік

  • Ұқыптылыққа, сауатты оқып-жазуға тәрбиелеу.
  • Шапшаңдық пен жауапкершілікті қалыптастыру.
  • Адамгершілікке және ұжымшылдыққа баулу.

Көрнекіліктер мен әдіс-тәсілдер

Көрнекілігі

Кеспе әріптер, суреттер, буындар, ойын элементтері, интерактивті тақта, слайдтар

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ассоциация, ойындар, тренинг

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.

II. Өткенді қайталау

Ойын: «Сиқырлы алма ағашы»

Мұғалім: Қазір жылдың қай мезгілі?

Оқушылар: Күз мезгілі.

Мұғалім: Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Оқушылар: Жемістер піседі.

Түсіндіру: Алма ағашындағы әр алмада сан берілген. Оқушы алманы таңдап, сол санға сәйкес сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушы алманы «жинап алады».

1-алма

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

2-алма

Б дыбысы қандай дыбыс?

3-алма

Б дыбысына байланысты қандай сөздерді білесің?

4-алма

Б дыбысы бар сөз ойлап, оны буынға бөл.

5-алма

Б дыбысы сөздің қай буындарында кездеседі?

6-алма

Б дыбысына қатысты сөйлем құрастыр.

III. Қызығушылықты ояту

Тақырыпты ашу үшін жұмбақтар айтылады. Оқушылар мұқият тыңдап, тез жауап береді. Мақсат — тапқырлықты анықтау.

Жұмбақ 1

Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен,
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен.

Жауабы: сағат

Жұмбақ 2

Сауысқанды, сағызды,
Сарымсақты, сәбізді,
Бастап тұрған қай әріп,
Сапсыз орақ тәрізді.

Жауабы: С

IV. Жаңа сабақ

Ой ашар: «Сағат» сөзі қандай дыбыстан басталады? — С. Ендеше бүгін біз С дыбысы мен әрпін үйренеміз.

Әріппен танысу

  • С әрпінің баспа және жазба түрлерін көрсету.
  • С дыбысын айтып көру: «С-с-с-с-с».

Дыбыстың ерекшелігі

  • Айтылуы: созылмай, қысқа.
  • Түрі: дауыссыз дыбыс.
  • Түсі: көк.
  • «Үйі»: көк үй.

Суретпен жұмыс

Слайдтағы суреттердің атауын айтқызу, буынға бөлу және С дыбысының сөздегі орнын анықтау.

Сағат

С — сөздің басында

Асқабақ

С — сөздің ортасында

Ананас

С — сөздің соңында

Қорытынды: С дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла!»

Оқушылар С дыбысына байланысты сөздер айтады, мұғалім қажет жерде түзетіп, буынға бөлдіреді.

Оқулықпен жұмыс (мағынаны тану)

  • Бағандағы сөздерді мұғалім оқиды, мағынасын түсіндіреді.
  • Хормен оқыту.
  • Тізбектей оқыту.

Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей
Иілеміз оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иілеміз солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ —
Жаттығу оңай-ақ.

Сергіп алдық, енді қаламымызды алып, дәптерімізде С әрпін жазамыз.

Дәптермен жұмыс

  • Әріпті ауада жазу.
  • Жазу жолындағы әріпті бастырып жазу.
  • Әріпті жеке жазу.
  • Сөздерді жазу.

Ойын: «Ұйқасын тап»

-са, -са, -са — ызыңдайды ...

-із, -із, -із — бақшадағы ...

-ыс, -ыс, -ыс — келіп қапты ...

V. Бекіту

Сұрақтар

  • Бүгін қандай әріппен таныстық?
  • С дыбысы сөздің қай буындарында кездеседі?
  • С дыбысынан басталатын сөздер айтайық.

Ойын: «Баспалдақ»

С дыбысы бар сөздер айтып, «баспалдақпен» жоғары көтерілу (әр дұрыс жауап — бір қадам).

С С С С

Өлеңмен жұмыс («Әліппе серігі»)

Сара келіп сабақтан,
Сан шаруаны тындырды:
Самауырға салатын
Сексеуілді сындырды.
Сазан балық қуырды,
Сауды сары сиырды.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Жұмбақты шешу:

Білезікке қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?

Жауабы: С

VI. Үй тапсырмасы

  • С дыбысы мен әрпін қайталау.
  • Бағандағы сөздерді оқу.

VII. Бағалау

Оқушыларды мадақтау және «Күз сыйы» ретінде алма мен жапырақтар тарату.

5

Қызыл алма

4

Сары алма

3

Көк алма