Қалыптастырушы бағалау

Ұзақ мерзімді жоспар: 3-бөлім — Физикалық география

Тарау

2.3 Климаттық белдеулер

Мектеп

№74 жалпы орта мектеп

Мұғалім

Дауренова Г. К.

Сабақ тақырыбы

Климаттық белдеулер

Оқу мақсаттары

8.3.2.3 — Климаттық белдеулерді талдау.

Сабақ мақсаттары

  • Барлығы: Жер шарының климаттық белдеулерін біледі.
  • Басым бөлігі: Климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайын сипаттайды.
  • Кейбірі: Негізгі және өтпелі климаттық белдеулерді атайды, ерекшеліктерін сипаттайды және кескін картаға түсіреді.

Бағалау критерийлері

  • Жер шарының климаттық белдеулерін біледі.
  • Климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайларын сипаттай алады.
  • Негізгі және өтпелі климаттық белдеулерді ажыратады және картадан көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Оқылым – айтылым: Мәтінді оқи отырып, климаттық белдеулердің ерекшеліктерін анықтап, орнын картадан көрсетеді.

Тыңдалым – жазылым: Ойларын ортаға салады, бір-бірінің пікірін тыңдайды және кескін картаға климаттық белдеулерді түсіреді.

Терминдер

Климаттық белдеулер, климат түзуші факторлар.

Құндылықтар, пәнаралық байланыс және алдыңғы білім

Құндылықтарға баулу

Оқушылар топтық жұмыста достықты, өзара қамқорлықты көрсетеді; «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарын және өмір бойы оқып-үйрену дағдыларын қалыптастырады.

Пәнаралық байланыс

  • Тарих: жер бедерінің қалыптасу жағдайы.
  • Биология: негізгі және өтпелі климаттық белдеулердегі жануарлар мен өсімдіктер.

Алдыңғы білім

  • Атмосфераның құрамын сипаттайды.
  • Температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын және ылғалдылықты зерттейді.

Сабақ жоспары

Төменде сабақ кезеңдері уақытпен және негізгі әрекеттермен берілген.

Сабақтың басы

8 минут

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  • Топ ережесін еске салу.
  • «Досыма сыйлық» шаттық шеңбері: конверттегі қима тапсырмаларды (субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық) бір-біріне жылы лебіз айта отырып ұсынады.

Топқа бөлу және белсендіру

Оқушылар топтарға орналасады:

  • 1-топ: Субэкваторлық
  • 2-топ: Субтропиктік
  • 3-топ: Субарктикалық

«Миға шабуыл» әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қойып, үй тапсырмасын қайталайды.

Сабақтың ортасы

27 минут

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Тақырыпқа байланысты суреттер көрсету арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту және жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Жетелеуші сұрақтар арқылы алдыңғы білімді жинақтау.

1-тапсырма (топтық жұмыс): «Дана үкі»

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтағы мәтін бөліктерге бөлініп беріледі. Оқушылар мәтінді оқып, топ ішінде талқылайды, дәптерге түсіреді. Әр топтың «дана үкісі» ортаға шығып, қорытынды мәліметпен бөліседі.

1-топ

Климаттық белдеулерді атап, олардың географиялық орналасуын анықтау.

2-топ

Экваторлық және тропиктік белдеулердің географиялық орнын, ауа массаларын және климат ерекшеліктерін анықтау.

3-топ

Қоңыржай және арктикалық белдеулердің ауа массаларын, климаттық ерекшеліктерін анықтау.

Дескрипторлар

  • Климаттық белдеулерді атайды және географиялық орнын анықтайды.
  • Экваторлық және тропиктік белдеулердің ауа массаларын, климат ерекшеліктерін атап, картадан көрсетеді.
  • Қоңыржай және арктикалық белдеулердегі тұрақты немесе маусымдық желдердің бағытын анықтап, картадан көрсетеді.

Бағалау: өзара топтық бағалау (түртіп алу арқылы).

2-тапсырма (жұптық жұмыс): «Ақпарат жинау»

Картамен жұмыс

Дүниежүзінің климаттық картасын пайдаланып, климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайын сипаттайды. Жауын-шашын мөлшерін және температура көрсеткіштерін анықтайды. Сонымен қатар төмендегі терминдердің анықтамасын айтады: климатология, негізгі климаттық белдеу, өтпелі климаттық белдеу, теңіздік және континенттік климат.

Дескрипторлар

  • Климат қалыптастырушы факторлардың әсерін сипаттайды.
  • Жауын-шашын мөлшерін анықтайды.
  • Температура көрсеткіштерін көрсетеді.
  • Климаттық факторларды біледі және талдайды.
  • Терминдерге анықтама береді.

Бағалау: өзін-өзі бағалау (қошемет көрсету арқылы).

3-тапсырма (топтық жұмыс): «Бір минуттық әңгіме»

Қорытындылау

Оқушылар негізгі және өтпелі климаттық белдеулерді атайды, ерекшеліктерін сипаттайды, қандай градустық ендіктерде орналасқанын анықтайды және кескін картаға түсіреді.

Дескрипторлар

  • Климаттық карта, физикалық карта және қосымша деректер арқылы негізгі және өтпелі климаттық белдеулерді көрсетіп, атайды.
  • Негізгі және өтпелі климаттық белдеулердің ерекшеліктерін сипаттайды.
  • Белдеулердің қай градустық ендіктерде орналасқанын анықтайды.
  • Кескін картаға түсіреді.

Қалыптастырушы бағалау: жылы лебіз арқылы мадақтау («Тамаша!», «Жарайсың!», «Керемет!», «Сенің қолыңнан бәрі келеді!»).

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: «Круиз» әдісі

Оқушылар сабақта өздерінің түсіну деңгейін «аралдарға» сапар шегу арқылы білдіреді: түсініксіз арал, белгісіз арал, көңілді арал, керемет аралы, шабыттану аралы, қанағат аралы.

Ескерту

Толық нұсқасын жүктеу (қажет болса, платформа/сілтеме қосуға болады).