Қымыз - сиыр сүті
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні
Қазақ тілі (3-сынып, орыс мектебі)
Сабақтың түрі
Ашық сабақ, жаңа сабақ
Тақырыбы
Төрт түлік
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Төрт түлік түрлерімен таныстыру.
- Олардың төлдері туралы мәлімет беру.
- Пайдасы туралы әңгімелеу.
Дамытушылық
- Тілді дамыту.
- Ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру.
- Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
- Үй жануарларын күтуге баулу.
- Жануарларды жақсы көруге тәрбиелеу.
Әдістері мен көрнекілігі
Сабақтың әдістері
Көрнекіліктер
- Кеспе қағаздар.
- Презентация.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Мұғалім: «Сәлеметсіңдер ме?»
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Кезекшімен сұхбат
Сыныптың дайындығын, қатысымды және көңіл күйді анықтау.
II. Өткен тақырыпты қайталау
Мұғалім: «Балалар, өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?»
Оқушылар: «Табиғат.»
Мұғалім: «Табиғат деген не?»
Оқушылар: «Жер, су, ауа, жануарлар, таулар, құбылыстар, күн…»
Сөзжұмбақ (табиғатқа байланысты)
- Природа
- Весна
- Радуга
- Облако
- Гора
- Цветок
- Двор
- Апрель
- День
Мұғалім: «Сөзжұмбақ ішінен қандай сөз ерекшеленіп тұр? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар?»
Оқушылар: «Төрт түлік.»
III. Жаңа сабақ
1) Сабақты жариялау, мақсатымен таныстыру
Тақырып: төрт түлік, олардың төлдері және адамға тигізетін пайдасы.
2) Жаңа сөздер мен сөз тіркестері
Негізгі ұғымдарды түсіндіру, дұрыс айтуға және қолдануға үйрету.
3) 1-жаттығу (153-бет)
- Мәтінді түсініп оқу.
- Аудару.
- Сұрақтарға жауап беру.
4) 2-жаттығу: «Балық қаңқасы» әдісі
Төрт түліктің төлдерін жазу:
Түйе
Төлі: …
Сиыр
Төлі: …
Қой
Төлі: …
Жылқы
Төлі: …
Ешкі
Төлі: …
5) 3-жаттығу: сәйкестендіру
Жануарларды олардың дыбыс шығаруымен сәйкестендір.
- Түйе — боздайды
- Жылқы — кісінейді
- Сиыр — мөңірейді
- Қой — маңырайды
- Ешкі — маңырайды
Ескерту
Бұл тапсырмада сәйкестендіру арқылы жаңа сөздерді бекіту және дұрыс қолдану дағдылары қалыптастырылады.
6) 4-жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою
Берілген сөздер: май, шұбат, айран, қымыз.
| № | Сөйлем |
|---|---|
| 1 | … — бие сүтінен жасалатын сусын. |
| 2 | … — түйе сүтінен жасалатын сусын. |
| 3 | … — ұйытылған сүт. |
| 4 | Сүттен … жасалады. |
Тапсырма: сөйлемдерді толықтырып, көшіріп жазу.
7) 5-жаттығу (155-бет): ұйқасын тап, жатта
Моп-момақан өзі,
Сүп-сүйкімді (қозы).
IV. Сабақты бекіту
Төмендегі тұжырымдардың дұрыстығын анықта: Дұрыс немесе Бұрыс.
| Тұжырым | Дұрыс | Бұрыс |
|---|---|---|
| Қойдың төлі — бұзау. | □ | □ |
| Төрт түлік пайда әкеледі. | □ | □ |
| Сүттен ет жасалады. | □ | □ |
| Теріден қалам жасайды. | □ | □ |
| Шұбат — түйе сүтінен жасалады. | □ | □ |
| Қымыз — сиыр сүтінен жасалады. | □ | □ |
VI. Үй тапсырмасы
- 5-жаттығу (155-бет).
- Сөздерді жаттау.
VII. Бағалау
Оқушылардың белсенділігіне, тапсырмаларды орындауына және жауаптарының дәлдігіне қарай бағалау жүргізіледі.