Арифметикалық прогрессияның анықтамасы

Сабақтың тақырыбы

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы (презентациямен).

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Өз бетімен игеруге бағыттау
  • Проблемалық оқыту

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы формуласын қорытып шығару және оны есептер шығаруда қолдану тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық

Көп сандардың қосындысын жылдам есептеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Шапшаңдыққа, тез ой қорытуға және көрген оқиғалардан қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

  • К. Гаусстың портреті.
  • К. Гаусстың 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын табуға арналған есебі (интерактивті тақта арқылы көрсету, 34-сурет).

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін қысқаша нақтылау.

II. Жаңа сабақты игертуге арналған сұрақтар және үй тапсырмасын тексеру

Тақырыпқа кіріспе жасау және өткен материалды жүйелеу үшін төмендегі сұрақтар талқыланады:

  1. 1

    Арифметикалық прогрессияның анықтамасы қандай?

  2. 2

    Арифметикалық прогрессияның айырымы дегеніміз не?

  3. 3

    Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы қандай?

  4. 4

    Арифметикалық прогрессияның негізгі қасиеттерін атаңыз.