Ауыл ақсақалдары

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарықамыс негізгі мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Есболаева Алмагүл Олжаевна

Сабақ тақырыптары

2-сынып

Тақырып

«Қонаққа барғанда»

3-сынып

Тақырып

«Қонақжай»

Сабақтың мақсаттары

Негізгі мақсат

Әдептілік пен қонақжайлық ұғымдарын кеңейту, халқымыздың қасиетті қонақжайлық дәстүрі туралы оқушылардың көзқарасын дұрыс қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың тіл байлығын және қиялын дамыта отырып, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік мәні

  • Еркін сөйлеуге және өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
  • Уақытты тиімді пайдалануға және тәртіп сақтауға үйрету.
  • Өзін-өзі әдепті ұстай білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі

Дамыта оқыту.

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс және басқа да тәсілдер.

Көрнекіліктер

Суреттер, сызбалар, слайдтар, кеспе қағаздар және т.б.

Сабақ барысы

I. Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау – мотивациялық кезең

Қызығушылықты ояту: қонақ күту көрінісі

«Құрметті қонақтар, қош келдіңіздер! Жоғарыдан орын алыңыздар. Сіздер ауылға келген қонақсыздар. Құда-жекжат пен ауыл ақсақалдары — жоғары үстелге, ағайын-тума мен көрші-көлем — екінші үстелге. Бүгінгі тойымызда ақ тілектермен жайғасыңыздар».

Психологиялық тренинг

  • Тостағанмен қонақтарға ақтан дәм татқызу.
  • Тапсырмаларды тостағанға салып ұсыну.

II. Сараланған бөлім

Операциялық – орындаушылық кезең

1-тапсырма

2-сынып

  • Ағайын-тума: Әдеп туралы мақал-мәтелдер айту.
  • Көрші-қолаң: Мәтінді толық мазмұндау.

3-сынып

  • Құда-жекжат: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» (көрініс көрсету).
  • Ауыл ақсақалдары: «Балаң жақсы болса...» деген мақалдың мәнін қалай түсінесің?

2-тапсырма: үнтаспадан ән тыңдау

2-сынып

  • Ағайын-тума: Тыңдалған әннің авторы кім?
  • Көрші-көлем: Қадыр Мырза Әли туралы не білесің?

3-сынып

  • Құда-жекжат: Бұл өлең қалай аталады?
  • Ауыл ақсақалдары: Өлеңде айтылғандай, қазақ халқы қандай?

3-тапсырма: табақ тарту

3-сынып

  • Құда-жекжат: Қонақ туралы өлең шығару.
  • Ауыл ақсақалдары: Өзің қонақты қалай қарсы аласың?

2-сынып

  • Ағайын-тума: «Көз — адамның айнасы» дегенді қалай түсінесің?
  • Көрші-көлем: Қонақ туралы мақал-мәтелдер айту.

4-тапсырма

2-сынып

  • Көрші-көлем: «Қожанасырдың тойға баруы» мәтінін мазмұндау.

3-сынып

  • Ауыл ақсақалдары: Бұл отбасында қонақ күтуге қандай мәзір әзірленіп жатыр деп ойлайсың?

III. Кіріктірілген бөлім

Рефлексиялық – бағалау кезең

Үй тапсырмасы (2-сынып)

  • Мәтінді мазмұндау.
  • Тәжірибе жасау.

Үй тапсырмасы (3-сынып)

  • Мәнжазба жазу.