Шартты рай тобына

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Сабақтың тақырыбы

Жаттығу, талдау жұмыстары

Сабақтың типі

Білік пен дағдыны жүйелеу, жинақтау сабағы

Сабақтың түрі

Дамыта оқыту технологиясы

Әдіс-тәсіл

Практикалық әдіс

Көрнекілігі

Үлестірмелер

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, тарих

Негізгі өзек

Етістіктің райлары: ашық, бұйрық, шартты, қалау.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Етістіктің райларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу.

Тәрбиелік

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке, туған жерді сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Етістіктің райлары туралы білімді жүйелеу, жинақтау және талдау жұмыстарын жүргізу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • 1 Оқушылармен сәлемдесу.
  • 2 Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • 3 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Қалау рай

108–111-беттерді оқу.

2) 177-жаттығу

Тапсырманы орындау.

3) Мақал-мәтелдер

Жаттау.

III. Актуалдау кезеңі

Негізгі түрткі сұрақ

Жаттығу жұмысындағы «Ұлық болсаң, кішік бол» мақалындағы бағыныңқы сыңар қай райда тұрғанын анықтау.

Қайталау сұрақтары

  • Етістіктің рай категориясы неше топқа бөлінеді?
  • Әр рай қалай жасалады?

IV. Жаңа сабақ

Етістіктің райларын қайталау: әр райдың жасалу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып еске түсіру.

Топтық жұмыс форматы

  • Оқушылар 4 топқа бөлінеді, топтарға райлардың атауы беріледі.
  • Топ атаулары тапсырмаларға сәйкес өзгеріп отырады.
  • Топ басшысы өз тобындағы жұмысты тексеріп, уақытылы бағалап отырады.

V. Дамыту кезеңі

Оқулықпен жұмыс: 178-жаттығу

Етістіктерді теріп жазу, ашық райлы сөйлемдердің қалай жасалғанын айту және сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген райға сәйкес түрлендіру.

Бастапқы сөйлем

Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.

Ашық рай, ауыспалы өткен шақ.

Түрленген нұсқа

Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын.

Бұйрық рай, II жақ, анайы түрі.

Мәтіндік материал (талдауға)

Алдымызда үлкен адыр көрінеді. Сол адырдың төбесіне немістер бекінген.

Биік адырды немістер толық пайдаланды. Олар біздің бекінісімізді бақылап отыратын болды.

Қимылдасақ, атқылап дамыл бермеді. Немістер жатқан адырға біз де бет қойдық.

Айғай-шусыз жылдамдата басып келеміз. Осы кезде біздің артиллерия жауды гүрсілдетіп атқылай бастады.

Жер солқылдап, ауа жаңғырып жатты. Жаудың тікен сымды шебінен өттік.

Оның әр жерінен есік ашылыпты. Пулеметтен оқты қарша бораттық.

Шартты рай тобына арналған сөйлемдер

Жылаған шешемен бірге жыласа, жігіттің жігіт болғаны қайсы, өйтсе, кісі уәдеден шыға ала ма?

Жылаған шешемен бірге жылап, жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласының жылағанын көрген соң, үйде қалған ананың көзінен жас кете ме, көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?

Оқулықпен жұмыс: 180-жаттығу

Әр топтан бір-бір оқушы тақтаға шығып, мәтіннен қалау рай, ашық рай, бұйрық рай тұлғаларын теріп жазады. Мәтінде шартты рай болмағандықтан, шартты рай тобына қосымша сөйлемдер беріледі.

Шартты рай тобына қосымша

Түстік өмірің болса, кештік мал жина.

Не ексең, соны орасың.

Мәтін: «Бақыт» (С. Ерубаев)

Мен бақытты көрсем деуші едім. Біздің қақпаның алдындағы үлкен жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.

Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: «Е, азаматтар, бақытты болыңдар!» — дейтін.

Менің бақытты көргім келді. Шал қара көлеңкеде үйреншікті жолымен кетіп бара жататын.

Мен біраз қарап тұратынмын, содан соң жылдам басып үйге келетінмін.

Төсекке жатқанда ұзын асалы шал көз алдымнан кетпейтін, даусы құлағымда тұратын.

Жұмыс түрлері

Оқушыларға жеке, жұптық және топтық тапсырмалар беріледі.

Топтарға арналған деңгейлік тапсырмалар

Берілген мәтіндер бойынша етістіктерді тауып, рай түрлерін өзара түрлендіру: ашық ↔ бұйрық, шартты ↔ ашық, бұйрық ↔ қалау, қалау ↔ шартты.

Ашық рай тобы

Мәтіндерден етістіктің шақ түрін анықтап, бұйрық райға айналдыру.

Шалқар — адалдық пен адамдықтың, кісіліктің алдында тік тұратын; қыздарын «қыз» деп қана қоймай, «қыз бала» деп сыйлайтын; екіжүзділікті өлімнен де жаман деп қабылдайтын, жаны таза халқы бар қалашық.

Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды.

Машинаның қарасы көрінбей кетісімен Маржан үстіне өзіне ұнайтын, ұсақ ақ гүлдері бар көйлегін киіп, шашын төбесіне түйіп, есікті кілттеп далаға шықты.

Шартты рай тобы

Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып, ашық райға айналдыру.

Қарадан хан болсам, халқым қалаған болар.

Айырдан нар болсам, атам жараған болар.

Көнеден дәурен озса, жасы жеткен болар.

Көнеден қамқа тозса, дәурені кеткен болар.

Ер жігіт айтпайды, айтса — қайтпайды.

Оқи берсең, көзің ашылады; отыра берсең, жалқаулық басынады.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді; төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Тіл тас жарады; тас жармаса, бас жарады.

Бұйрық рай тобы

Сөйлемдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып, қалау райға айналдыру.

Арлы-ожданды бол!

Намысыңды жастан сақта!

Халқыңды алалама!

Жақыныңды жаралама!

Құдай жарылқасын, бай қылсын, төрт-түлігіңді сай қылсын!

Малды теппе, ақты төкпе.

Есікті қатты қақпа, қатты серпіп жаппа.

Кетпес дәулет берсін, кең пейіл берсін.

Қалау рай тобы

Мәтіндерден қалау райлы етістіктерді тауып, шартты райға айналдыру.

Дұғай сәлем бергейсің ағам Есет беренге.

«Бекет қайда?» — дегенге, «Бекет кетті» дегейсің, шықпайтұғын тереңге.

Гүлі сұлу орманды сусатпағым келеді.

Жүзі жылы жандарды құшақтағым келеді.

Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұлын өзі билеп тұрса игі.

«Қызымыр» ойыны (сұрақ-жауап)

Әр топтан бір оқушы тұрып, келесі топқа сұрақ қояды. Сұраққа барлық оқушы жауап бере алады.

  • Етістіктің райлары дегеніміз не?
  • Етістіктің райлары мен шақтары арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?
  • Етістік райларының қандай түрлері бар?
  • Ашық рай нені білдіреді және қалай жасалады?
  • Бұйрық райдың мағыналары қандай және қалай жасалады?
  • Бұйрық райдың жіктелу ерекшеліктері қандай?
  • Шартты райдың мағыналары қандай және қалай жасалады?
  • Шартты райлы етістіктердің сөйлемде қолданылу ерекшеліктері қандай?
  • Қалау рай дегеніміз не?
  • Қалау райдың жасалу жолдары қандай?
  • Қалау райдың жіктелу ерекшеліктері қандай?

Үй тапсырмасы

1) Оқу

99–112-беттер.

2) 179-жаттығу

Орындау.

3) Қосымша тапсырма

112-беттегі тапсырманы орындау.

Бағалау

Топ басшыларының жинақтаған ұпайлары мен орындалған тапсырмалар сапасына сүйене отырып, оқушылардың жұмысы қорытындыланады.