Сын есімді қайталау

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Тақырыбы
Жәндіктер. Сын есімді қайталау (4-сынып)
Өткізу форматы
Сабақ басынан аяғына дейін презентация арқылы жүргізіледі.

Сабақтың мақсаты

  • Жаңа сөздерді меңгерту, сын есімді пысықтау.
  • Сөздерді дұрыс айтуға және сауатты жазуға үйрету.
  • Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  1. 1) Психологиялық кезең

    Сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастыру.

  2. 2) Қайталау

    • Сын есімнің ережесін еске түсіру, мысал келтіру.
    • Аң атауларын қайталау.
    • Малдардың пірлерін атау.
  3. 3) Жаңа тақырыпты анықтау

    Сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

    Сөзжұмбақ жауаптары

    • 1 — медвежонок
    • 2 — петух
    • 3 — заяц
    • 4 — свинья
    • 5 — зебра
    • 6 — лиса
    • 7 — лев
    • 8 — жираф
    • 9 — барсук

    Келесі қадам

    Сабақтың тақырыбын жариялап, мақсаттарымен таныстыру.

  4. 4) Сөздікпен жұмыс

    Фонетикалық жаттығу

    Тер – тер – тер — жәндіктер

    Лек – лек – лек — көбелек

    Лік – лік – лік — инелік

    Ңыз – ңыз – ңыз — қоңыз

    Қыз – қыз – қыз — қанқыз

    Ке – ке – ке — шегіртке

    Қа – қа – қа — құмырсқа

    Са – са – са — маса

    Ра – ра – ра — ара

    Бын – бын – бын — шыбын

    Ші – ші – ші — өрмекші

    Алдын ала дайындалған сөздік таратылып, жаңа сөздерге «қандай?» сұрағын қойғызу арқылы сын есім қайталанады.

    Үлгі

    — Көбелек қандай?
    — Көбелек әдемі, кішкентай, қызыл.

  5. 5) Оқулықпен жұмыс (111-бет)

    • Мәтінді рөлге бөліп оқу.
    • Ауызша аудару.
    • Мәтіннен сын есімдерді табу.

    Мәтін: «Кімге қандай ойын ұнайды?»

    — Келіңдер, бір-бірімізді сүзіп ойнайық! — деді мүйізді қоңыз Саратан (майский жук).

    — Сүзіскені несі, бұқа болып кеттік пе? Одан да бір-бірімізді теуіп ойнайық! — деді көк шегіртке.

    — Тебісу деген не пәле?! Ол да ойын ба?! Одан да бір-бірімізді шағып ойнайық! — деді сона.

    Сергіту сәті

    «Арыстаннан қорықпаймыз» қимылды ойыны.

  6. 6) Дәптермен жұмыс

    3-жаттығу: жұмбақтарды шешіп, көшіріп жазыңдар.

    1-жұмбақ

    Ойнамақ боп еркелеп,

    Әдейілеп ерте кеп,

    Гүлге қонды қалықтап,

    Кіп-кішкентай тікұшақ.

    Жауабы: инелік

    2-жұмбақ

    Торын құрып қояды,

    Шыбындарды жояды.

    Жауабы: өрмекші

  7. 7) Кәртішкемен жұмыс

    Әр оқушыға жаңа тақырыпты бекіту үшін жәндіктер туралы қысқа мәтіндер беріледі.

    • Берілген мәтіндерді мәнерлеп оқу.
    • Орыс тіліне аудару.
  8. 8) Мәтінмен жұмыс және деңгейлік тапсырмалар

    БҰЛ ҚЫЗЫҚ!

    Танымдық мәтін

    Жәндіктердің ішкі қаңқасы болмайды. Олардың денесіне жеңіл әрі берік заттан тұратын сыртқы жабын тірек қызметін атқарады.

    Африкадағы кейбір құмырсқалар акация бұтақтарының тікенектерінде өмір сүреді.

    Аяғындағы жабысқақ тіреуіштердің көмегімен шыбындар төбеде жүре алады.

    Қарақұрт өрмекшісінің ұрғашысы уының күші сұр жылан уынан 15 есе артық.

    Жасыл азық іздеу жолында көкқасқа шегіртке жүздеген, тіпті мыңдаған километрге дейін ұша алады.

    III деңгей

    1. Мәтінді мәнерлеп оқы.
    2. Мәтінді сөздік арқылы орыс тіліне аудар.

    II деңгей

    1. Мәтіндегі жаңа сөздерді дәптерге көшіріп жаз.
    2. Осы сөздерді сипаттап, сөз тіркестерін құрастыр.

    I деңгей

    1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.
    2. Мәтіндегі барлық сын есімдерді көшіріп жазып, аудар.
  9. 9) Қорытынды

    Сұрақтарға жауап беру, білімді бекіту және бағалау.

    Қорытынды сұрақтар

    1. Қандай жануарларды білесіңдер?
    2. Қандай жәндіктер еңбекқор?
    3. Қай жәндік адамға бал береді?
    4. Қай жәндік тікұшаққа ұқсайды?
  10. 10) Үй тапсырмасы

    • Жаңа сөздерді жаттау.
    • Жұмбақтарды жатқа айту.
    • Оқулық: 111-бет.

    Сабақтың соңындағы әсерлі сәт

    Оқушылар «Көбелек» өлеңін жатқа оқып, үйден дайындап әкелген қағаз көбелектерін ұшырады.