Экраннан сұрақ

Сабақтың тақырыбы

Ана тілі. Тақырыбы: «Әже» (Фариза Оңғарсынова).

Мақсаты

  • 1) Оқушыларды Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру; ана туралы өлеңді бекітіп, «Әже» өлеңімен таныстыру.
  • 2) Білімге қызығушылығын арттыру; өз бетінше жұмыс істеуге баулу; тіл байлығын, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • 3) Үлкенге — ізет, кішіге — қамқор болуға үйрету; ата-ананы, әжені құрметтеуге тәрбиелеу; адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру.

Сабақ әдісі

Ойын арқылы ой қозғау, ой шақыру, ашық пікір, сұрақ-жауап. Ойын технологиясы, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақ түрі

Ойын сабағы, жаңа материалды меңгерту.

Көрнекіліктер

Жүргізуші бейджі «Бүгінгі оқушы» бейджі Сызбалар Интерактивті тақта Видеокамера Оқушылар әжелерінің фотосы Ф. Оңғарсынованың суреті

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңбері» ойыны:

Қуанамын мен де (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де (досын көрсетеді)

Қуанайық, достарым (екі қолын екі жаққа созады)

Арайлап атқан күнге.

Балалар, осы шеңберде бір-бірімізге жылы ықылас білдіріп, көтеріңкі көңіл күй тілейік.

II. Өткен материалды қайталау

Бүгінгі ана тілі сабағы ойын түрінде өтеді. Бұған дейін математика сабағында қыс мезгілінде елімізде өткен Азиада ойындары туралы айтқан едік.

Сұрақ

Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?

Жауап: Көктем.

Сұрақ

Көктемнің алғашқы күндерінде қандай мерекені қарсы аламыз?

Жауап: Аналар мерекесі.

Алдымызда аналар мерекесі келе жатыр. Бүгінгі сабағымызды әр адамға ең қымбат жан — Анаға арнаймыз.

Өтілген тақырыптарды қайталамас бұрын, бәріңізді «Бетпе-бет» студиясының қонағы болуға шақырамыз. Алдымен жүргізушіні сайлаймыз.

Рөлдер

«Бетпе-бет» студиясының жүргізушісі — Сайлаубекова Айтолқын (алдыңғы сыныптағы үздік оқушы).

Жүргізуші сөзі

«Сәлеметсіздер ме, бүгінгі “Бетпе-бет” студиясының қадірлі қонақтары! Студия қонағы ретінде үш топтан 1-1 оқушы шақырылады. Студия төріне жайғасуларыңызды сұраймын. Қош келдіңіздер! Сіздерге студия қонақтары және телекөрермендер сұрақ қояды. Жауап толық болмаса, қатысушылар толықтыру жасай алады.»

Телекөрермен сұрағы

1) Ана тілі пәнінен қазір өтіліп жатқан тараудың атауы қандай?

2) Осы тараудағы мәтіндердің негізгі ойы қандай?

Жауап: Тарау «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым» деп аталады. Мәтіндер бізді үлкенді сыйлауға, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіруге тәрбиелейді.

Студия қонақтарының сұрағы

Фариза Оңғарсынова кім? Ол туралы не білесің?

Жауап (түзетіліп берілді): Фариза Оңғарсынова — Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. Ол 1939 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. (Өмірбаяны сызба түрінде көрсетіледі.)

Біз Ф. Оңғарсынованың «Жылу» өлеңімен таныстық.

Тапсырма

1) «Жылу» өлеңін әр топтан 1 оқушыдан бір шумақтан жатқа айтады.

2) Өлең мазмұнына сүйеніп, төмендегі сызба-сұрақтарға жауап береді.

Сұрақ

Берілген сөз (Айдай сұлу) — қандай?

Жауап

Анам — айдай сұлу.

Сұрақ

Анам (анамның) — кімнің?

Жауап

Менің анам.

Сұрақ

Құшағы (күн көзіндей) — қандай?

Жауап

Құшағы — күн көзіндей жылы.

Сұрақ

Жанары — кімнің?

Жауап

Анамның жанары.

Сұрақ

Сүті — ненің?

Жауап

Ана сүті (өмір нәрі).

Қосымша сұрақ

Ана баласын жақсы көргенін білдіретін қандай сөздерді айтады?

Мысалдар: құлыным, ботам, еркетағым, қозым.

Ананың қалауы

Ана баласының адал, еңбекқор, тәрбиелі, мейірімді болып өскенін тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге: өз анасына арнап 4 жол өлең жазу. Бірнеше оқушы өлеңін оқиды (4–5 оқушы).

III. Жаңа материалға дайындық

Дүниеде адамға ең қымбат жан — ана. Ананы ешқашан ренжітпеу керек, өмір бойы қадірлеу — парыз.

«Анаңды арқалап Меккеге үш рет апарсаң да, ана қарызынан құтылмайсың» деген сөз бар.

Күннің шуағы жылы болса, ананың құшағы да жылы. Ал анадан кейін сендерді күтіп, еркеліктеріңе көнетін тағы бір қымбат жан бар. Оны білу үшін сөзжұмбақ шешеміз (экранда көрсетіледі).

IV. Жаңа материал

Бұл өлеңнің авторы да — Фариза Оңғарсынова. Ақынның өмірбаяны қысқаша қайталанып көрсетіледі.

«Әже» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Әже қандай адам? Ассоциациялық карта құрайық.

Негізгі ұғым

Әже — мейірім, жылылық, өнеге

Ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтың тірегі ретінде қарастырамыз.

Оқулықпен жұмыс (133-бет)

  1. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
  2. Оқушылар өлеңді тізбектей оқиды (әр оқушы 2 жолдан).
  3. Өлеңді әуенмен айтып, сергіп аламыз.

Сергіту және әжелер туралы әңгіме

Үйден: әр оқушы өз әжесінің фотосын алып келеді. Экраннан әжелердің фотолары көрсетіледі. 2–3 оқушы әжесі туралы әңгімелеп береді.

Дәптермен жұмыс: көркем сөздердің мағынасы

Ақын қолданған сөздердің мағынасын талдап, сызба бойынша толтырамыз. Қосымша дәптерге жазамыз.

Сөз

Мағынасы

Ашынып

ренжу, ашулану

Асырып

мақтап, көтермелеу

Тосып

күту

Берік

мығым, мықты

Шығармашылық тапсырма (133-бет, 7-тапсырма)

Берілген екі жол өлеңге тағы екі жол қосып, төрт жолды шағын өлең құрастырамыз. 1–2 минут ойланып, 3–4 оқушының жауабын тыңдаймыз.

Салыстыру жұмысы

«Ана» туралы және «Әже» туралы екі өлеңнің мазмұнын сызба бойынша салыстырамыз: ұқсастығы мен айырмашылығы.

V. Бекіту

Бүгін қандай өлеңмен таныстық? Авторы кім? Өлеңдердің ұқсастығы мен айырмашылығын атаймыз.

«Даналық ағашы» ойыны

Әр оқушы бүгінгі өлең бойынша бір сұрақ құрастырады. Келесі қатардағы оқушылар жауап береді.

VI. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының нақтылығы, шығармашылық тапсырмадағы ой ұтымдылығы ескеріледі.

VII. Үй тапсырмасы

  • «Әже» өлеңін жаттау.
  • «Менің сүйікті әжем» тақырыбында әңгіме жазу.