Натурал сандарға амалдар қолдануды қайталау

Математика пәні мұғалімі

Нуржигитова Гулраушан Садирқызы

Тақырыбы

Натурал сандарға амалдар қолдануды қайталау (4-сынып материалдарын қайталау).

Мақсаты

Білімділік

  • Натурал сан ұғымын меңгерту.
  • Натурал сандар қатарын қайталау.
  • Натурал сандарды оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • «Мәңгілік Ел» құндылықтары арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру.
  • 7 құндылықты білу және қолдану дағдысын дамыту.
  • Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа баулу.
  • Ұқыптылыққа, іскерлікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Міндеттері

  1. Натурал сандарға амалдар қолдану аясын кеңейте отырып, есептеу дағдыларын жетілдіру.
  2. Тез, шапшаң және дұрыс есептеудің тиімді тәсілдерін көрсету.

Күтілетін нәтиже

Білім және дағды

Оқушылар натурал сандарды оқиды, жазады, таниды және оларды есептерде еркін қолданады.

Өмірмен байланыс

Алған білімін күнделікті өмірде қажет болатын жағдайларда қолдана алады.

Мұғалімнің іс-әрекеті

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    • Сергіту сәті: «Көңілді күн».
  2. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын еске түсіру.
  3. Топқа бөлу.
  4. Еске түсіру, пысықтау, қайталау.
    • Натурал сандарды оқу.
    • Натурал сандарды жазу.
    • Натурал сандарды разрядтарға жіктеу.