Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру.
  • Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету.
  • Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтауға үйрету.
  • Ойлау қабілетін дамыту: тірек сөздерді қолданып мәтін құрастыруға, мазмұнына сай ат қоя білуге, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
  • Сауатты әрі көркем жазуға баулу; өз бетінше ізденуге, ұқыптылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Талдау Жинақтау Ой қозғау

Көрнекіліктер

  • Сөзжұмбақ
  • Кесте
  • Ойын
  • Тірек сөздер

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, жұмысқа дайындау.

2) Үй тапсырмасын тексеру (187-жаттығу)

Оқушылардың құраған сөйлемдерін оқыту және талдау.

Қайталау сұрақтары

  • «Қоян», «ою», «ұя» т.б. сөздерде неше дыбыс, неше әріп бар?
  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп дегеніміз не?
  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Жуан дауысты дыбыстарды ата.
  • Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.
  • Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.
  • Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата.

3) Сөзжұмбақ шешу

1-тапсырма

Мұртын сипап күн бойы,
Бетін сусыз жуады.
Тысырды аңдып күн бойы,
Тышқанды көп қуады.

Жауабы: мысық

2-тапсырма

Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар.
Ауық-ауық азан салып,
Өңеш керген айқайы бар.

Жауабы: әтеш

3-тапсырма

Үш тілі тақылдап,
Жаңылмайтын ақылды-ақ.

Жауабы: сағат

4-тапсырма

Тоққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық.
Киімдердің қыртысын,
Береді тез жазып.

Жауабы: үтік

5-тапсырма

Кір киімді қалайды,
Өзі кірді жалайды.
Суға түссе шомылып,
Дақты жояр талайғы.

Жауабы: сабын

Ерекше жолдан шыққан сөз арқылы жаңа тақырып анықталады: «Мәтін».

Жаңа сабақ Күнді, тақырыпты дәптерге жазу Оқулықпен жұмыс

4) Оқулықпен жұмыс (190-жаттығу)

I баған

I бағандағы сөйлемдер оқылады. Сұрақ қойылады: сөйлемдер кім немесе не туралы?

Жауап: ара, оқушы, апа туралы.

II баған

II бағандағы сөйлемдер оқылады. Сұрақ қойылады: бұл сөйлемдер не туралы?

Жауап: ара туралы.

Негізгі байқау

Екінші бағандағы сөйлемдердің орнын ауыстырып оқығанда, ойдың тұтастығы бұзылады. Мысалы, «Балды омартаға жинайды. Ол гүл шырынымен қоректенеді…» деп орын ауыстырсақ, әңгіменің не туралы екені көмескіленеді.

Демек, екінші бағандағы сөйлемдер бір-бірімен өзара байланысып, бір тақырыпқа бірігеді. Мұндай өзара байланысты сөйлемдер тобын мәтін деп атаймыз.

Мәтіннің тақырыбы

Мәтінге ат қоюға болады. Берілген мәтінге лайықты тақырып: «Ара».

5) Ережені қорытындылау

  • Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
  • Мәтінге ат қоюға болады (тақырыбы болады).

6) Бекіту сұрағы

Суретке қарап, нені байқадыңдар? Байқағандарыңды мәтін құрап айтып көріңдер.

Бастауыш сынып мұғалімі: Машкеева Ш.