Айтқан сөз
Сабақтың тақырыптары
Лексикалық тақырып
Қазақ халқының ән өнері.
Грамматикалық тақырып
Есімше туралы түсінік (причастие).
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Мәтінге сүйене отырып, грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
- Есімше және оның жұрнақтарының қолданылуы туралы түсінік беру.
- Оқулық, сөздік және қосымша материалмен жұмыс істей алу, сөйлей алу дағдысын қалыптастыру.
- Тақырып бойынша сұрақтарға жүйелі жауап беріп, ойды тиянақты жеткізуге үйрету.
2) Дамытушылық
- Оқушының тіл байлығын дамытып, тіл мәдениетін қалыптастыру.
- Білік-дағдыны және есте сақтау дағдысын дамыту.
- Ойлау қабілеті мен ой белсенділігін арттыру; әсемдікке, сезімталдыққа баулу.
3) Тәрбиелік
- Атақты адамдардың өмірінен үлгі алып, елінің саналы азаматы болуға тәрбиелеу.
- Ұлтжандылыққа, азаматтылыққа және өнерге баулу.
- Қоғамдық-идеялық көзқарасты қалыптастыру; рухани құндылықтар арқылы имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың форматы мен ресурстары
Түрі және технология
- Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы (кіріктірілген сабақ).
- Жаңа оқыту технологиясы: М. М. Жанпейісова ұсынған модульдік оқыту технологиясы.
- Құралдар: деңгейлік тапсырмалар, бағалау парақтары, оқыта-үйрету ойындары.
Әдіс-тәсілдер және жабдық
- Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, танымдық ойындар, өзіндік жұмыс, оқулықпен жұмыс, логикалық сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар.
- Жабдық: кестелер, портреттер, үлестірме қағаздар, бейне, слайд, интерактивті тақта, электрондық оқулық.
- Сыныппен жұмыс: даралап және ұжымдық.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу үдерісіне бағыттау.
Өзін-өзі бағалау
Сабаққа дайындық деңгейін 5 балдық жүйе бойынша өздері бағалайды. Бұл мұғалімге оқушының дайындығын алдын ала көруге мүмкіндік береді.
III. Жаңа білімді меңгерту
Грамматикалық тақырып: Есімше (причастие).
Анықтама
Есімше — етістікке тән де, есімге тән де түрленуге қабілетті, әрі солардың қызметін атқара алатын етістіктің түрі.
Есімшенің жұрнақтары мен түрлері
Шақ бойынша
Дағдылы түрі
Мақсат мәнді
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
1) Бастауыш
-
Айтқаның дұрыс.
Сказанное тобой верно.
-
Саған айтарым — осы.
Это то, что я хочу тебе сказать.
-
Айтатыным жоқ.
Мне нечего сказать.
2) Баяндауыш
-
Мен саған айтқанмын.
Я тебе говорил.
-
Ертең ол айтар.
Завтра он скажет.
-
Ол саған айтатын.
Он бывало, тебе говорил.
3) Толықтауыш
-
Сен айтқанымды түсіндің бе?
Ты понял то, что я тебе сказал?
-
Мен айтарымды айттым.
То, что хотел сказать, я сказал.
-
Мен саған айтатынымды айттым.
То, что я хотел тебе сказать, сказал.
4) Анықтауыш
-
Мұны айтқан адам осында отыр.
Сказавший об этом, сидит здесь.
-
Айтар сөзім — осы.
Эти слова, сказанные мной.
-
Айтатын адамды тапқан екенсің.
Тоже мне, нашел человека, который скажет.
Бекіту жұмыстары
4-тапсырма: шақтарды толықтыру
Кестені үлгі бойынша толтырыңыз.
| Жақ | Өткен шақ | Келер шақ | Осы шақ (дағдылы) |
|---|---|---|---|
| I | жазғанмын | жазармын | жазатынмын |
| II | … | … | … |
| III | … | … | … |
7-тапсырма: есімшені табыңыз
Берілген сөйлемдерден есімшелерді көрсетіңіз.
- 1. Мен оқыған кітап.
- 2. Айтқан сөз.
- 3. Кеше келгенмін.
- 4. Келмеген кісіні күтпе.
- 5. Мен көрген жоқпын.
- 6. Сен көрген кино.
- 7. Олар театрға бармақ.
- 8. Сөйлемейтін адам.
- 9. Болмайтын іс.
- 10. Осында келмек.
- 11. Мүмкін, сөйлермін.
- 12. Ештеңе айтпас.
Электрондық оқулық және мәтінмен жұмыс
1) Мәтінді мәнерлеп оқу
Оқу техникасына, екпін мен интонацияға көңіл бөлу.
2) Мазмұнын айтып беру
Негізгі ой мен тірек деректерді жүйелі жеткізу.
3) «Ең қиын сұрақ!» ойыны
Оқушылар мәтінді жылдам әрі мұқият оқып шығады. Әрқайсысы мәтін бойынша күрделі сұрақ құрастырып жазады, сұрақтар сандықшаға салынады. Кейін оқушылар кезекпен қағаз алып, сұраққа дауыстап барынша толық жауап береді. Сынып сұрақ пен жауаптың сапасын бағалап, жеңімпазды анықтайды.
Мәтін: Қазақ халқының ән өнері
Қазақ халқы әнге бай. Біржан сал, Ақан сері, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай сияқты әнші-композиторлар халқымызға өшпес рухани мұра қалдырды. Олар ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, «құлақтан кіріп бойды алатын» әсем әндерді сыйлады.
Қазақтың мерекесі мен мәжілісі, ырым-жоралғысы, дастарханы мен отырысы ешқашан ән мен күйсіз өтпеген. Ән — адамның ойы мен сезімін білдіретін, тәрбиелік мәні зор өнер жанры. Ол адамды қуантады, мұңайтады, кейде жылатады.
Біздің заманымыздың көрнекті композиторлары — Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Шәмші Қалдаяқов, Сейдолла Бәйтереков, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев және т.б. — көптеген тамаша әндер жазды.
Талқылау сұрақтары
- 1Сендердің өмірлеріңде музыка қандай рөл атқарады?
- 2Музыканы ұнатасыңдар ма?
- 3Қандай композиторларды білесіңдер?
- 4Радио мен теледидардан қандай музыкалық бағдарламаларды жиі тыңдайсыңдар?
- 5Қандай ансамбльдер мен топтарды білесіңдер?
Сөздік жұмысы
Таныс сөздерге синоним немесе антоним келтіріңіз.
- Бессмертный
- өшпес
- Духовный
- рухани
- Поверье
- ырым
- Заседание
- отырыс
- Чувство
- сезім
- Радовать
- қуанту
- Печалить
- мұңайту
- Разбудить
- ояту
- Участвовать
- қатысу
Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
Мәтіннен есімшені тауып, оның қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
Мәтін: «Музыка өнері»
Музыка мәдени-тәрбиелік рөл атқарады. Адам сезімі мен ойын дыбыс арқылы суреттейді. Қазақтың көне музыка өнерінің өкілдері — Әбу Насыр Әл-Фараби, Қорқыт, Қазтуған, Асанқайғы. Қазақтың 50-ден астам музыкалық аспабы болған. Оның ішінде домбыра, шаңқобыз, сырнай, сыбызғы сияқты аспаптар кең тараған.
II деңгей
Берілген сөздерден сөз тіркестерін жасаңыз.
III деңгей
«Менің сүйікті әншім» немесе «Менің сүйікті тобым» тақырыбына әңгіме құрастырып, жазыңыз.
Нұсқау
Кемінде 7–10 сөйлем жазыңыз. Мәтінде кемі 3 есімше қолдануға тырысыңыз.
Қорытынды және рефлексия
Сұхбат құрастыру
-
1-тақырып
Даңғыра дегеніміз қандай аспап?
-
2-тақырып
Қазақ тілі сабағында бүгін не үйрендің?
Үй тапсырмасы
Жақсы көретін әнші туралы шағын жарнама (анонс) дайындап келіңіз.
Талап
- 2–3 сөйлем.
- Кемінде 1 есімше қолданыңыз.