Батыс түрік қағанатының тайпаларын ата
Сайыстың тақырыбы
«Тарих – ғасырлар куәсі»
Сайыстың мақсаты
- Тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, оқушылардың танымын арттыру.
- Өткенге сүйене отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.
- Тарихтағы ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
Ерлік туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар және сайыстың жоспары сыныпта ілінеді.
Сайыстың барысы
«ХХІ ғасыр — мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ», — деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, бұл ғасырда өмір сүріп отырған әрбір ұрпақ ғылым мен білім жолында өз бағытын айқындайтын, дара тұлға болып қалыптасуы тиіс.
Болашаққа нық қадам бүгіннен басталады. Ата-бабаларымыз бізге бірлік пен ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін қалдырды. Қазақстанның арғы-бергі тарихындағы ең ғибратты тағылым да — осы.
Ендеше, бүгінгі «Тарих – ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағымызды бастаймыз.
Әділқазылар алқасы
- 1) ____________________
- 2) ____________________
- 3) ____________________
Турлар
I-тур
5 баллТаныстыру
II-тур
5 баллСәлемдесу
III-тур
5 баллТанымдық сұрақтар
III-тур: Танымдық сұрақтар
7 «А» сыныбы
-
Түргеш қағанатының астанасын атаңыз.
Жауабы: Суяб; екінші астанасы — Ордабасы (Іле бойындағы Күнгіт).
-
Қимақ қағанатының тарихи шеңберін көрсетіңіз.
Жауабы: IX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басы.
-
Қарлұқ қағанатының тайпаларын атаңыз.
Жауабы: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси, фаракия, лазана.
-
Қазақстандағы ең ірі сәулет ескерткіштерін атаңыз.
Жауабы: Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб, Айша бибі, Қарашаш ана, Ибраһим ата және т.б.
-
Батыс Түрік қағанатында 610–618 жылдары қай қаған билік етті?
Жауабы: Шегу қаған.
7 «Ә» сыныбы
-
Батыс Түрік қағанатының тайпаларын атаңыз.
Жауабы: Түрік тайпалары: оғыз, қырғыз, ұйғыр, үйсін және т.б.
-
Оғыз мемлекетінің астанасын атаңыз.
Жауабы: Янгикент (Жаңа Гузия).
-
Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғанын жазған ортағасырлық тарихшы кім?
Жауабы: Парсы тарихшысы Гардизи.
-
Қарахан мемлекетінің негізін кім қалады?
Жауабы: Сатұқ Боғра хан.
-
Түріктер отбасыға шапағатын тигізеді деп кімге табынған?
Жауабы: Ұмай анаға.
7 «Б» сыныбы
-
Сардоба деген қандай құрылыс?
Жауабы: Құдық үстіне салынған ғимарат.
-
Қимақ қағанатының билеушісі қалай аталған?
Жауабы: Қаған.
-
Оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен хазарларға қарсы қай жылы одақ құрды?
Жауабы: 965 жылы.
-
Жанып тұрған оттың арасынан өткен Византия елшісі кім?
Жауабы: Земарх.
-
Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі қанша жылға созылды?
Жауабы: 20 жыл.
Қорытынды
Бұл сайыс тарихи білімді жүйелеуге, ой-өрісті кеңейтуге және ел тарихындағы ерлік пен бірлік құндылықтарын қадірлеуге бағытталған. Өткенді танып, бүгінді бағамдап, болашаққа сеніммен қадам басайық.