Райымбек бастауы

Сабақ тақырыбы: «Райымбек бастауы»

Сабақ әдісі

Топпен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Батырлар туралы буклет
  • Райымбек батырдың суреті
  • Сөзжұмбақ

Сабақ мақсаты

Білімділік

  • Мәтінді мәнерлеп, сауатты оқуға машықтандыру.
  • Оқушылардың өз еліне, ата мекеніне сүйіспеншілігін арттыру.
  • Қазақ халқы батырлары туралы білімін кеңейту.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілетін және сабаққа қызығушылығын арттыру.
  • Сөздік қорын кеңейту.
  • Байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік

Оқушыларды Райымбек бабамыз сияқты батыр, елін және жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып үш топқа бөлінеді:

I топ

Бөгенбай

II топ

Наурызбай

III топ

Қабанбай

Ойын ережесі

Әр топ сабаққа белсенді қатысқан сайын «қоржындағы асықтар» беріледі. Сабақ соңында асықтар саналып, асығы көп топ жеңімпаз атанады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырмалар

  • Батырлар туралы өлеңдерді жатқа айту.
  • Сұрақтарға жауап беру арқылы сөзжұмбақты шешу.

Сөзжұмбаққа арналған сұрақтар

  1. Өлеңдердің авторы кім?
  2. Абылайға Төле бидің қойған аты қандай?
  3. Абылайға бата берген қарт батыр кім?
  4. Бұқар Қабанбайды неге теңейді?
  5. Абылайдың шын аты кім?
  6. «Еңкерістен жау келсе, бетіме ұстар керегім, өліспей тірі беріспес, артықша туған еренім…» — бұл қай батырдың өлеңінен үзінді?
  7. «Әбілмансұр» мәтініндегі бидің аты кім?
  8. «Берен» дегеніміз не?

Сөзжұмбақта кездесетін атаулар

Төмендегі сөздер сөзжұмбақ шешімінде қолданылуы мүмкін:

Бұқар Сабалақ Бөгенбай Арыстан Әбілмансұр Наурызбай Төле Киім

III. Жаңа сабақ: «Райымбек бастауы»

А) Автор туралы мәлімет

Жолдасбай Тұрлыбаев (1932 жылы туған) — жазушы. Бірқатар кітаптары жарық көрген. Солардың ішінде «Тамыз таңы» еңбегі Райымбек батырға арналған. Сабақтағы мәтін осы кітаптан үзінді ретінде алынады.

Ә) Мәтін мазмұнын талдау

  1. Райымбек сарбаздарының сусыздықтан тарығуы.
  2. Райымбектің Көкойнақты жетектеп, су көзін іздеп табуы.
  3. Сарбаздардың қуанышы және бастаудың «Райымбек» атануы.

IV. Сөздікпен жұмыс

Сүңгі
Бұл жерде: найза.

V. Оқулықпен жұмыс

Әр топтан екі оқушыдан мәнерлеп, тізбектей оқытылады.

VI. Сұрақ-жауап

Батырлар қаруының суреттері беріледі. Суреттің сыртында сұрақ жазылған: дұрыс жауап берген оқушыға сол сурет сыйға тартылады.

1) Райымбек сарбаздары неге тап болады?

Айбалта

2) Райымбек қандай шешімге келеді?

Шоқпар

3) Ол Көкойнақты жетектеп қайда бет алады?

Қылыш

4) Көкойнақ неге оқыранып жібереді?

Найза

5) Райымбек неге қуанып кетеді?

Садақ

6) Су шыққан бастау қалай аталады?

Қамшы

VII. Топтық тапсырмалар

I топ

Мәтіннен Райымбектің сарбаздарына айтқан сөзін тауып, дауыстап оқыңдар.

II топ

Көкойнақтың суды сезген әрекеті суреттелетін тұсты тауып, оқыңдар.

III топ

Райымбектің қуанышын білдіретін сөзді (не сөз тіркесін) анықтап, айтыңдар.

VIII. Шығармашылық жұмыс

Берілген сөздермен сөйлем құрастырып, дәптерге жазыңдар.

I топ

  • ат
  • жеңілді

II топ

  • шаба жөнелді
  • найза

III топ

  • жеңді
  • қылыш

IX. Сауалнама

Әр оқушыға жеке парақша таратылады. Сауалнама бірден тексеріліп, топтардың нәтижесі салыстырылады.

1) «Райымбек бастауы» әңгімесінің авторы кім?

  • А) Жолдасбай Тұрлыбаев
  • Ә) Ғафу Қайырбеков
  • Б) Мұхтар Әуезов

2) Райымбек кім?

  • А) Әнші
  • Ә) Күйші
  • Б) Батыр

3) Әңгімеде не туралы айтылады?

  • А) Қалмақпен соғысуы
  • Ә) Сусыздықтан тарығуы
  • Б) Аңға шығуы

X. Үй тапсырмасы

«Райымбек бастауы» әңгімесінің мазмұнын түсінік айтып келу.

XI. Сабақты қорытындылау

I топ

8 асық

Бөгенбай

II топ

13 асық

Наурызбай

III топ

10 асық

Қабанбай

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.