Білу деңгейінің тапсырмалары Жұмбақ шешейік Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем
Оқу мақсаттары
1.4.1.1 — Жердің пішінін білу және сипаттау.
Ойлау деңгейлері
- Білу: Жердің пішінін ажыратады.
- Түсіну: Жердің өздігінен айналатынын түсінеді.
- Қолдану: Тұрғылықты жерін картадан және глобустан табады.
Бағалау критерийлері
- Жердің шар тәрізді екенін біледі.
- Глобус — Жердің кішірейтілген үлгісі екенін түсіндіреді.
- Жердің өз осінен айналуы туралы тұжырым жасайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар Жер ғаламшарының орналасуы мен пішіні туралы талқылайды, өз ойларын дәлелді түрде жеткізеді.
Лексика және терминология
Ғаламшар, глобус.
Диалогке арналған тіркестер
- — Жер ғаламшарының пішіні қандай?
- — Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Білу деңгейіне арналған тапсырмалар
Жұмбақ шешейік
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.Жауабы: Жер
Мекені көкте екі ару,
Бірін-бірі көруге зәру.Жауабы: Күн мен Ай
Жұмбақтардың жауаптары: Жер, Күн, Ай. Бүгінгі тақырып — Жердің пішінін білу және сипаттау.
Топтық жұмыс
Оқушыларды 3 топқа бөлуге болады: «Жер», «Күн», «Ай». Әр топ негізгі ұғымдарды талқылап, карта мен глобусты пайдаланып қысқаша таныстырылым жасайды.
Жер
Пішіні, су мен құрлық.
Күн
Орналасуы, Жерге әсері.
Ай
Жер серігі туралы түсінік.
Мәтінмен жұмыс
Жердің пайда болуы туралы
Қазіргі космогониялық түсінік бойынша, Жер шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын Күнді айнала орналасқан кеңістіктегі газ-тозаң заттан пайда болған. Планеталардың тартылыс күшінің әсерінен қатты материя бөлшектері соқтығысып, бір-біріне жабысып, дене біртіндеп ұлғайған.
Газ-тозаң зат іріктеліп, жеңіл элементтер Күн сәулесінің қысымымен алысырақ ығысқан, ал ауыр элементтер Күнге жақынырақ шоғырланған. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін көптеген химиялық элементтер енеді.
Заттың планета орталығына тартылуы және Жердің ось бойымен айналуы нәтижесінде оның пішіні эллипсоидқа жақын болды.
Жер туралы қысқаша мәлімет
Күн жүйесіндегі орны
Жер — Күн жүйесіндегі 8 планетаның бірі және Күнге жақын үшінші ғаламшар.
Ерекшелігі
Сегіз планетаның ішінде тіршілік бар бірегей ғаламшар — Жер.
Құрылысы
Жер — қатты, сұйық заттардан және газдардан тұратын алып шар.
Айналу қозғалысы
Жер өз осін шамамен 23 сағат 56 минутта, ал Күнді 365 күн 6 сағатта толық айналып шығады.
Жер бетінің құрамы
Жер бетінің 3/4 бөлігі — су, 1/4 бөлігі — құрлық.
Глобус
Глобус — Жердің кішірейтілген моделі.
Дереккөз
Л. Н. Толстой атындағы орта мектебі КММ.
Мұғалім: Избасарова Г. Б.
Материал: «Жер ғаламшарының көрінісі» (1-сынып, Жаратылыстану).