Баламасын табыңдар Алғырлар тобына
Сабақ тақырыбы: Тұрақты тіркестер (5-сынып)
Бұл жоспар 5-сынып оқушыларына тұрақты тіркестердің мәнін түсіндіріп, оларды сөйлеу мен жазуда орынды қолдануға үйретуге бағытталған. Сабақ ойын элементтері арқылы ұйымдастырылады және оқушының тілдік қорын дамытуға ерекше назар аударады.
Сабақ форматы
- Сабақ түрі
- Ойын сабақ
- Сабақ типі
- Жаңа ұғымды меңгерту
- Әдісі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, түрлі-түсті жұлдызшалар
- Пәнаралық байланыс
- Ағылшын тілі, орыс тілі, ән
Сабақ мақсаттары
-
Білімділік
Оқушыларға тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөз қолданысында дұрыс қолдануға үйрету.
-
Тәрбиелік
Адамгершілікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу; үлкенді құрметтеудің мәнін ұғындыру.
-
Дамытушылық
Оқушылардың тіл байлығын арттыру, ойлау қабілеті мен сана-сезімін дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, сынып тазалығын бақылау.
- Сыныпты түгендеу, назарды сабаққа аудару.
- Сыныпты екі топқа бөлу: «Алғырлар» және «Білгірлер».
II. Жаңа сабақ
Тұрақты тіркес — екі не одан да көп сөздің тіркесінен құралып, біртұтас ұғымды білдіретін және сөйлемде бір сөздің орнына жұмсалатын ауыспалы мағынадағы тіркес.
Мысал 1
«Аузын ашпау» — үндемеу.
Мысал 2
«Көзді ашып-жұмғанша» — лезде.
Жаңа тақырыпты игеру кезеңдері
1-бөлім: Баламасын табыңдар
Топтар берілген тұрақты тіркестердің баламасын (мағыналас нұсқасын) табады.
Алғырлар тобы
- Ат ізін салмау
- Қол ұшын беру
- Тіс жармау
- Мойны жар бермеу
- Төрт көзі түгел
- Бетінен қақпау
Білгірлер тобы
- Инедей қадалу
- Мұзға отырғызу
- Ит тұмсығы өтпейтін
- Жерге кіріп кете жаздау
- Аузын қу шөппен сүрту
- Қабырғаңмен кеңес
2-бөлім: Суреттер сөйлейді
Оқушыларға слайд арқылы ауыз, мұрын, мұз, жүрек, пышақ, ит, қоян, шаш суреттері көрсетіледі. Әр оқушы суретке сүйеніп тұрақты тіркес құрайды және оны үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) аударып айтады.
Нәтиже: тұрақты тіркестің мағынасын түсіну, сөздік қорды кеңейту және аударма дағдысын дамыту.
3-бөлім: Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Тұрақты тіркестерді қолданып, сөйлем құрастыру.
2-жаттығу (мағынасына қарай сәйкестендіру)
- Тату, дос — арасынан қыл өтпейтін.
- Алыс, қашық — ит арқасы қиянда, ит өлген жер.
- Ұялу — жерге кіріп кете жаздау.
- Ұрлық — қолды болды.
- Момын — қой аузынан шөп алмас.
4-бөлім: Әзіл аралас сұрақтар
Екі топқа мағынасы әдейі «қисық» қойылған сұрақтар беріледі. Оқушылар жауапты тұрақты тіркеспен қайтаруы керек.
- Адамның төбесі аспанға жете ме?
- Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
- Екі аяқ бір етікке сия ма?
- Адамның қай жерінде нан піседі?
- Көз сатыла ма? Ол нені білдіреді?
- Адамның аяғы мен қолы түрлі түсті бола ма?
- Мәселенің «қабырғасы» бола ма?
- Жұмыстың «аяғы» бола ма?
- Қар жана ма?
5-бөлім: «Тауып жаз» тапсырмасы
Оқушылар тұрақты тіркестердің жалғасын табады (қажетті сөзді қойып толықтырады).
Алғырлар тобы
- ______нің түгі бар (жүрек)
- ______ын шүйіру (мұрнын)
- ______ын көкке көтеру
- ______іне көк ала шыбын үймелету (көз)
Білгірлер тобы
- ______тай ұшты (мұрт)
- ______ыңды балта кеспейді (мұрт)
- ______і тоймау (көз)
- Түйе үстінен ______ үйту
6-бөлім: «Адасқан сөздер» ойыны
Берілген сөздер араласып кеткен. Оқушылар оларды реттеп, тұрақты тіркестер құрастырады.
Бекіту және бағалау
IV. Бекіту: шығармашылық жұмыс
«Анам — менің бақытым» тақырыбында эссе жазу. Жұмыс барысында ана туралы әуен ойнап тұрады. Оқушылар төмендегі тұрақты тіркестерді эссе мәтініне кірістіріп жазуы тиіс:
- Түн ұйқысын төрт бөлу
- Ана сүтін ақтау
- Төбесі көкке жеткендей
- Көз ілмеу
- Жан ұшыру
V. Қорытынды
Сабақ соңында ең көп жұлдызша жинаған топ жеңімпаз атанады. Нәтижелер қысқаша талданып, белсенді қатысқан оқушылар атап өтіледі.
VI. Үй тапсырмасы
- Тақырыпты оқып келу.
- 3-жаттығуды орындау.
VII. Оқушыларды бағалау
Оқушылардың бағасы тапсырмаларға қатысу белсенділігіне, жауаптардың дәлдігіне және топтық жұмысқа қосқан үлесіне қарай қойылады.