Күрделі теңдеулерді жай теңдеулерге айналдыра білу

Сабақ туралы мәлімет

Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы, Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жармұханова Қаламқас Бекетқызы.

Сабақтың атауы

№ 66 есепті теңдеу құру арқылы шығару.

Сілтеме (оқулық)

Математика, 4-сынып. Алматы: «Кітап» баспасы, 2011.

Авторлар: Ә. Б. Ақбаева, Л. А. Лебедева, В. В. Буровова.

Жалпы мақсаттар

  • Есепті теңдеу құру арқылы шешу дағдыларын қалыптастыру.
  • Есептеу дағдысын жетілдіру және ауызша жылдам есептеу қабілетін арттыру.
  • Есте сақтау қабілетін дамыту.

Оқыту нәтижелері

Теңдеулермен жұмыс

Күрделі теңдеулерді жай теңдеулерге түрлендіре білу.

Бірлескен әрекет

Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Ойлау және жүйелеу

Тапсырмаларды жүйелі түрде талдап, дәлелді орындауға бағыттау.

Негізгі идея

Күрделі теңдеулердің түрлері туралы білімді бекіту және оны есеп шығаруда тиімді қолдану.