Қош келдің, Күз ханшайымы. Балалар жауабы

Кіріспе көрініс

Әсем безендірілген музыка залына балалар музыка әуенімен кіреді.

Жүргізуші

Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар мен қонақтар! Бүгін «Қарлығаштар» тобы дайындаған «Мерейлі күз, мырза күз» атты ертеңгілікті тамашалауға шақырамыз!

Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді?

Күз туралы сұрақ-жауап

Жүргізуші

Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұрғылт тартады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Балапандар, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Балалар жауабы Күзде.

Жүргізуші

Айналаға қараңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар жауабы Күз.

Жүргізуші

Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар жауабы Күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Жүргізуші

Күз мезгілі сендерге ұнай ма?

Балалар жауабы Ұнайды.

Жүргізуші

Несімен ұнайды?

Балалар жауабы Күз бізге жемістерін, көкөністерін, астықтарын сыйлайды.

Жүргізуші

Жарайсыңдар! Ендеше, балаларымыздың күз мезгіліне арналған тақпақтарын тыңдайық.

Балалардың тақпақтары

Айхан
Әй, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Саида
Жемісі мол теретін
Күз — дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
«Жомарт екен күз» деген.
Мансұр
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.

Балалар тақпақтарын айтып болған соң, әуен ойнап, залға Күз ханшайымы келеді.

Күз ханшайымының келуі

Күз

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Қараңдаршы, айналаның бәрін алтын түске бояп қойдым.

Балалар: «Сәлеметсіз бе!»

Күздің өлеңі

Сәлем, ерен достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығыма қаныңдар.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты.

«Күз – жомарт» әні

Жүргізуші

Қош келдің, Күз ханшайымы! Біз сені асыға күттік. Біздің бақытты балаларымыздың әнін тыңдадың. Енді өзіңе арналған тақпақтар да бар — соларды тыңда.

Күзге арналған тілектер мен өлең жолдары

Нұртас
Сап-сары қып даланы
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Аяулым
Мол байлық тергені —
Шаттығы қаншалық!
Аспанға өрледі
Құстар да ән салып.
Жасұлан
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.