Жаңбыр өлеңінің авторы кім
Сабақ жоспары
Ыбырай Алтынсарин — «Өзен»
Бұл сабақта оқушылар қазақтың ұлы педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен танысып, өзеннің адам өміріндегі маңызын түсінеді. Сонымен қатар оқу дағдылары дамытылып, мәнерлеп оқу мәдениеті қалыптастырылады.
Сабақтың мақсаттары
- Білімділік: Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру; өзеннің адам өміріндегі маңызын ұғындыру; оқу дағдыларын жетілдіру; мәнерлеп оқуға үйрету.
- Дамытушылық: оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
- Тәрбиелік: табиғатты сүюге, табиғат-ананы қорғап, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Түрі
- Аралас сабақ
- Типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Әдістері
- СТО, сұрақ-жауап, топтастыру
Көрнекіліктер
- Электронды оқулық
- Өзен мен көл суреттері
- Карта, сызбалар
- Интербелсенді тақта
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
- Психологиялық дайындық
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің шұғылалы сәулелері ананың нәзік алақанындай аялап, сипап, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе-мұңды ерітіп жібереді, жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Осы жылумен сабағымызды бастаймыз.
II. Өткен тарауды қайталау (сөзжұмбақ арқылы)
Сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі тараудың тақырыбын ашамыз.
- Абай атамыздың «Жан-жануар, адамзат анттаса, ата-анадай елжіреп күннің көзі...» деген өлең жолдарында жылдың қай мезгілі суреттелген?
- «Көктем сәні — жасыл желек» деген қай жануардың сөзі?
- «Жаңбыр» өлеңінің авторы кім?
- Ит «Көктем сәні неде?» деп нені сұрады?
- Олжас Сүлейменовтың өлеңінде кімдер туралы айтылған?
- «Қуанышты күнің, жаңа жылың құтты болсын, қазақ!» деген жолдарда қандай мейрам туралы айтылған?
- Көктемгі тіршілікте малдар не істейді?
Шешімі:
III. Жаңа сабақ
Бүгін біз «Табиғат — менің өз үйім» бөлімін бастаймыз. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.
Топқа бөлу
Сынып үш топқа бөлінеді: Әдебиетшілер, Географтар, Экологтар.
Әдебиетшілер
«Өзен» өлеңінің авторы туралы мәлімет береді. Топтастыру стратегиясы қолданылады.
Географтар
- Өзеннің анықтамасы және бөліктері: бастауы, саласы, сағасы.
- Электронды оқулық арқылы өзен бейнесін талдау.
- Қазақстанның өзендерін картадан көрсету.
Экологтар
- Өзеннің пайдасы туралы айтады.
- Өзенді қорғау жолдарын ұсынады.
IV. Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді іштей оқу
- Сөздік жұмысы (дәптермен жұмыс)
- Өлеңді шумақтарға бөліп оқу, талдау, идеясын ашу
- Күй ырғағымен мәнерлеп оқу
Сергіту сәті
Судан неге сасасың?
Судан неге қашасың?
Сергітетін денеңді,
Сап-салқын су жасасын!
Шығармашылық тапсырма (дәптермен жұмыс)
1-топ
Қазақстандағы өзендердің аттарын жазу.
2-топ
Табиғат туралы мақал-мәтелдер жазу.
3-топ
Суға байланысты тыйым сөздер жазу.
V. Жаңа сабақты бекіту
«Балық аулау» ойыны арқылы сабақта алынған білім пысықталады, сұрақтарға жауап беріледі.
- «Өзен» өлеңінің авторы кім?
- «Қынарда» сөзінің мағынасы қандай?
- Таулардан сарқырап не ағады?
- Өзен суының күшінен не өндіріледі?
VI. Қорытынды
Егер денім сау болсын десең,
Егер көңілім жай болсын десең,
Табиғатқа табын, Адам!
VII. Үй тапсырмасы
- «Өзен» өлеңін жаттап келу.
- Өзеннің суретін салу.
VIII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және мәнерлеп оқуы бойынша білімдері бағаланады.