Балаларға еліміздің тұңғыш президенті туралы түсінік қалыптастыру
Тәрбие сағаты туралы
Өтетін орны
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасы
Топ
«Құлыншақ» ортаңғы тобы
Тәрбиеші
Садықова Жадыра
Тақырып
«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»
Мақсаты
-
1
Балаларға Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы бастапқы түсінік қалыптастыру.
-
2
Өз ұлтын, елін қадірлейтін елжанды азамат болуға баулу.
-
3
Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
-
4
Ел азаматы атағына лайықты патриот болуға бағыттау.
Көрнекіліктер мен құралдар
Көрнекілік
- Елбасының суреттері
- Қазақстан Республикасының рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран) бейнелері
- Дидактикалық ойынға арналған әр елдің туы
Техникалық құрал
- Проектор
- Бейнеролик
- Слайдтар
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Бейбіт таңдар арайланып атады, туған жерді аймалады шапағы. Байтақ елім, Қазақстан — ең бақытты балалардың Отаны!
Армысыздар, балабақша ұжымы! Армысыздар, бүгінгі айтулы күннің куәсі болар жас ұрпақ!
Бүгін біз үшін ерекше күн: 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
Балалармен сұхбат
Сұрақ
Балалар, сендер білесіңдер ме, біз қай елде тұрамыз?
Жауап
Қазақстан Республикасында.
Сұрақ
Ал біздің ұлтымыз қандай?
Жауап
Біз қазақпыз.
Сұрақ
Мемлекеттік тіліміз қандай?
Жауап
Мемлекеттік тіліміз — қазақ тілі.
Сұрақ
Біздің Елбасымыз кім?
Жауап
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің өркендеуіне қосқан еңбегі зор. Сондықтан біз Елбасын құрметтеп, қадірлейміз.
Сұрақ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
Жауап
Елтаңба, Ту, Әнұран.
Мерекелік бағдарлама
Әнұран
«Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы…» — жүргізушінің тілегінен кейін хор Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
Құттықтау сөз
Мерекеге арналған жылы лебізін білдіру үшін балабақша меңгерушісі Жанат Қуанышқызына сөз беріледі.
Балалардың тілектері мен тақпақтары
Арман
Көк байрақ, көк аспан, алтын күн нұр шашқан. Әлемге танылған — Тәуелсіз Қазақстан.
Перизат
Республикам күндей күліп шығыстан, асыл елім жан жүректі ұғысқан. Ата-бабам аңсап өткен бақытпен, алтын бесік — Қазақстан, Гүлістан.
Мейнура
Ел болдың, ерік болдың астаналы, енді кімнен қазағым жасқанады. Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі Президенттің атымен басталады.
Үміт
Тәуелсіздік — достығымыз, ынтымағы жарасқан. Тәуелсіздік — ел бірлігі, асқақ арман таласқан.
Гүлдәурен
Ауылға көңіл бөлгізіп, гүлдендірген даланы. Көтерсе көкке болмай ма Нұрсұлтандай атаны?
Нұрару
Елім деп соғатын жүрегі, елімен бір арман тілегі. Қай жерде жүрсе де Нұрекең елді ойлап, жерді ойлап жүреді.
Бексұлу
Сарқылмайтын қуатым, тірегімсің Қазақстан. Мәңгі соғып тұратын жүрегімсің Қазақстан.
Кемеңгер
Өсеміз, жайнаймыз, жанамыз, бақыттың есігін қағамыз. Саған жол тілейді жас ұрпақ: аман бол, ел басы — ағамыз!
Жеке ән
«Ағатайым» әні (Жеткербай М.)
Би
«Қазақ биі»
Жеке ән
«Отаным»
Отан туралы тақпақтар
Бақыт
Туған өлке — кең далам, мәңгілік бақыт орнаған. Сайраңдаймыз сәнменен, ерікті ұлан — біз бала!
Айсель
Қазақ деген қалың жұрт бәрін кешті басынан. Тәуелсіздік туыңды биік көтер, жас ұлан!
Тұрсынбек
Ізгіліктің жолбасы, жақсылардың жолдасы. Нұрсұлтандай атамыз — Президент, Елбасы.
Айлуна
Қазақстан — киелім, қияға ұшар қыраным. Еркіндікті сүйемін, мен — Тәуелсіз ұланмын!
Туған өлке туралы сұрақ
Балалар, біздің еліміз — Қазақстан. Ал біз Қазақстанның қай өңірінде тұрамыз?
- Қызылорда облысы
- Қазалы ауданы
- Әйтеке би кенті
Ендеше, экранға назар аударайық: әсем көріністі тамашалап, қысқаша түсіндірме жұмысын жүргіземіз.
Қазалы туралы
Қазалы — туған жеріміз, Қазалы — туған үйіміз. Қазалы — әсем қаламыз, көңілді ән мен күйіміз.
Хор
«Қазалым»
Әуен мен би
- •Флешмоб биі (патриоттық әндер жинағынан)
- •Жеке ән: «Домбыра» (Алмас, Перизат)
Дидактикалық ойын: «Өз туыңды тауып ал»
Ойын шарты
Экраннан бірнеше елдің тулары көрсетіледі. Балалар сол тулардың ішінен Қазақстан Республикасының Туын табуы керек.
Орындалуы
Барлық балалар ортада тұрған туларды қолдарына алып, дұрыс таңдауды бірге бекітеді.
Жарайсыңдар, балалар! Әрқашан өз Туларыңды биік ұстаңдар. Көк Туымыз көкте мәңгі желбірей берсін!
Қорытынды үндеу
Еліміз тыныш, Елбасымыз аман болсын! Естеріңде болсын: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін және мемлекеттік тілді құрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек. Сонда ғана сендер үлкен азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.
Хор
«Егеменді Қазақстан»