Рационал сандарды салыстыру
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Бұл — 6-сыныпқа арналған ашық сабақ: математика пәні бойынша «Рационал сандарды салыстыру» тақырыбы. Сабақ «Жеті қайқы» тақырыбындағы Маңғыстау әдебиетімен байланыстырыла өткізілетін интеграциялық форматта ұйымдастырылады.
Сабақ тақырыбы
Рационал сандарды салыстыру.
Сабақ түрі
Интеграциялық сабақ (математика мазмұнын Маңғыстау әдебиетімен байланыстыра отырып, оқушы зейінін дамыту).
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс-тәсілдер
Шығармашылық ізденіс, практика парақшалары.
Сабақтың мақсаттары
Білімдік
Рационал сандарды салыстыруды және сандардың координаталық түзуде орналасуын есеп шығаруда қолдана білу.
Дамытушылық
Оқушының математикалық тілін және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Білім алуда жауапкершілік сезімін қалыптастыру; сұрақты мұқият тыңдап, нақты жауап беруге, сыныптастарының пікірін тыңдап, бағалай білуге тәрбиелеу.
Эпиграф
“Көп болыпты халқымның
Сақиы менен сайқысы,
Кімдер еді атақты,
Адайдың жеті қайқысы!”
Сабақ барысында оқушыларға Адайдың «Жеті қайқысы» атанып кеткен әншілер туралы, сондай-ақ олардың не себепті осы атауға ие болғаны жайлы қысқаша мәлімет беріледі. Әр бөлімде тапсырмалар орындалғаннан кейін атақты әншілер туралы деректер айтылып, суреттері слайд арқылы көрсетіліп таныстырылады.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Оқу құралдарын тексеру.
1-бөлім. Жылгелдінің жылжымалы істері
Үй тапсырмасын сұрау.
2-бөлім. Өскенбайдың өткелдері
Өтілген материалдар бойынша сұрақ-жауап арқылы өткен сабақтарды пысықтау.
3-бөлім. Әділдің ақпарламасы
Жаңа сабақ: рационал сандарды салыстыруға арналған есептер шығару.
А тобы
- №351
- №358
- №359
4-бөлім. Шолтаманның шапағаты
Сергіту сәті: «Сандар әлемі» — топтастыру стратегиясы арқылы өтілген сандар түрлерін жазу.
5-бөлім. Тастемірдің тапсырмалары
B тобы
- №363
- №364
6-бөлім. Тұрсынның таразысы
Тез орындалатын «Сәйкестендіру тесті» беріледі. Тест дұрыс орындалса, «Тәулікті 24 сағатқа бөлген ғалымның атын оқисыңдар» деген қорытынды шығады:
Птоломей
7-бөлім. Досаттың достық әзілдері
Оқушыларға логикалық есептер ұсынылады. Мұндай тапсырмалар зейінді сергітіп, сабаққа қызығушылықты арттырады.
Қорытынды
- Оқушылардың жұмысын бағалау.
- Үй тапсырмасы: №363, №365 есептер; «Рационал сандар» тарауын қайталау.
- Сабақтың аяқталғанын хабарлау, күнделіктерге бағаларын қою.