Берекелі күз

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Топ

«Аққу 2» кіші тобы

Білім беру саласы

Әлеуметтік орта

Оқу іс-әрекет түрі

Экология негіздері

Тақырыбы

Берекелі күз!

Мақсаты

  • Білімділік

    Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейтіп, күз мезгілі жөнінде толық мағлұмат беру. Ойын арқылы өз күштерін сынап көруге ынталандыру.

  • Тәрбиелік

    Табиғаттағы өзгерістерге мән беруге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

  • Дамытушылық

    Күз туралы білімдерін тереңдету, тілдік қорын молайту, көңіл күйін көтеру, ой-өрісін дамыту.

Көрнекіліктер

  • Күз көріністері бейнеленген суреттер
  • Бау-бақша, көкөністер мен жемістер суреттері
  • Алма ағашы макеті

Билингвалды компонент

Күз осень autumn

Сөздік жұмысы барысында балалардың үш тілде айту дағдыларын бекіту көзделді.

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Музыкалық орта

Әуен қосылады: желдің гуілі, жаңбырдың сіркіреуі, найзағайдың үні. Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды: «Көз алдарыңа күз мезгілі дегенде нелер елестейді?»

Слайдпен жұмыс

Күз суреттері көрсетіледі.

Күз белгілері

Жеміс-жидек пен көкөніс піседі, егін орылады, құстар жылы жаққа ұшады, айнала сарғаяды, жапырақтар жерге төгіледі.

Іздену-ұйымдастырушылық кезең

«Ғажайып алма ағашы»

Балалар айналаға қарап, күздің әсемдігін байқайды. Тәрбиеші балабақша ауласында ерекше алма ағашы өсіп тұрғанын айтады: оның діңгегі қайыңдікіндей, жапырағы теректікіндей. Бұл — сиқырлы жұмбақ ағаш.

Балалар алмаларды жұлып алып, әр алманың ішінде жасырылған тапсырманы орындайды.

Алмалардағы тапсырмалар

1-тапсырма

«Астық пісіп, орақ түсіп, қырман дәнге толады. Айтыңдаршы, балалар, бұл қай кезде болады?»

Жауабы: Күз.

2-тапсырма

«Шықса көк, түссе сары — ол не?»

Жауабы: Жапырақ.

«Әрі қызыл, әрі тәтті — татқан жанды таңырқатты.»

Жауабы: Алма.

3-тапсырма

«Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады.»

Жауабы: Пияз.

Күтпеген қонақ

Музыка баяулайды. Тәрбиеші: «Тыныш, балалар! Бір дыбыс естіліп тұр… Біреу асығып келе жатқан сияқты» — дейді. Осы сәтте орманшы ата кіреді.

Орманшы атаның сөзі

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен — орманшы атамын. Ормандағы ағаштар мен жеміс-жидектерді күзетемін. Орманнан шаршап келемін. Күз мезгілі туралы не білетіндеріңді көрейін деп келдім».

Қарсы алу

Балалар қонақты қарсы алып: «Келіңіз, ата, отырыңыз. Қош келдіңіз!» — дейді.

Ойындар мен орталықтардағы жұмыс

Дидактикалық ойын: «Көкөніс пен жеміс жинау»

Ойын шарты

Бау-бақшада өсетін жемістерді бір бөлек, жерде өсетін көкөністерді бір бөлек топтастыру. Балалар карточкаларды суырып, екі орталыққа бөлінеді.

Әлеуметтік орталық

Күз туралы билингвалды сөздік жұмыс жүргізіледі:

Күз осень autumn

Ертегі арқылы бекіту

Күз мезгілі туралы қысқа ертегі айтылады. Кейіпкерлерді саусақ қуыршақтары арқылы көрсетіп, балалардың қызығушылығы арттырылады.

Сергіту сәті

Слайд тақтасына қарап, бейнеролик көмегімен қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

Шығармашылық орталық

Балалар бұлттың суретіне «тамшы» салу жұмысын орындайды: аквариумдағы мақтаға ұқсас құралды бояуға батырып, бұлттан тамған жаңбыр тамшыларын бейнелейді.

Дағды

Ұсақ моторика

Нәтиже

Түсті, пішінді ажырату

Көңіл күй

Жағымды эмоция қалыптастыру

Ақпарат

Өңір

Батыс Қазақстан облысы

Аудан, ауыл

Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы

Мекеме, автор

Жаңақала аудандық балалар бақшасы (МКҚ кәсіпорын)
Тәрбиеші: Адиетова Л. Е.