Сабақтың тақырыбы: допты екі қолымен кеудеден беру
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Бұл сабақ баскетболдың негізгі элементтерін жүйелі түрде меңгертуге бағытталған. Жаттығулар айналмалы жаттығу (круговая тренировка) әдісі арқылы ұйымдастырылып, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттыруға және ойын техникасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сабақтың тақырыптары
Пас беру
- Допты екі қолмен кеудеден беру
- Допты еден арқылы кеуде тұсынан әріптесіне беру
Допты алып жүру
- Допты кедергілер арасынан алып жүру
Лақтыру
- Допты айдап барып, орында тұрып шығыршыққа лақтыру
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың баскетбол ойынына қызығушылығын арттыру
- Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру
- Оқушыларды адамгершілікке және патриоттыққа тәрбиелеу
- Баскетбол ойынының негізгі элементтерін жаттықтыру
Сабақтың әдісі
Айналмалы жаттығу (круговая тренировка).
Пән аралық байланыс
- Биология
- АӘД
Құрал-жабдықтар
- Баскетбол доптары — 12 дана
- Ысқырық
- Секундомер
- Фишкалар — 18 дана
Сабақты өткізген
А. Тлеумбетов