Күз Абай Құнанбаевтың өлеңі

7-сынып қазақ тілі сабағы

Сабақ тақырыбы: «Күз» — Абай Құнанбаевтың өлеңі.

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың түрі

Жұптық жұмыс

Әдістер

Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаты

Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу.

Міндеттері

  • Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.
  • Ақын Абай Құнанбаев туралы білімдерін кеңейту.
  • Өлең жазуға деген қызығушылық пен құлшынысты арттыру.
  • Табиғатқа құрметпен қарап, оны қорғауға және қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Оқушылардың зейінін сабаққа бағыттау, жұмысқа жұмылдыру.

II. Ой шақыру

Сұрақ-жауап

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз айларын ата.
  • Бүгінгі ауа райы туралы не айта аласың?
  • Күз мезгілі саған несімен қызық?
  • Қазір сен қандай ойда отырсың?

III. Жаңа тақырыпқа кіріспе

Сендер күзді өздеріңше суреттедіңдер. Енді бүгінгі сабақта Абай атамыздың күзді қалай бейнелейтінін бірге көріп, талдаймыз.

Топтастыру: Абай туралы не білеміз?

ұлы ақын жазушы аудармашы философ қоғам қайраткері қазақ халқының ақыны

Назар аударатын тұс

Абайды лирик ақын деп те атаймыз. Оқушыларға арналған өлеңдері туралы қысқаша еске түсіреміз.

Қысқаша таныстырылым

Интерактивті тақта арқылы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы слайдтарды қарау (шамамен 3 минут).

IV. Өлеңмен жұмыс

  1. 1 Абай суреттеген «Күз» өлеңімен танысу (0:30–2:28).
  2. 2 Өлеңді мәнерлеп оқу, негізгі ойды анықтау.

Тапсырма (қысқа)

Өлеңдегі күз көрінісін сипаттайтын сөздер мен тіркестерді теріп жазып, өз әсеріңмен бөліс.