Сөйлемді жалғастыр
Сабақ тақырыбы
Жырау. Сөйлем.
Сабақтың мақсаты
Білімдік
- Сөйлем және оның тыныс белгілері туралы білім беру.
- Жырау туралы түсінік қалыптастыру.
Мазмұнына байланысты
- Сөйлем және оның түрлері туралы негізгі білімді қалыптастырып, жаттығулар арқылы пысықтау.
- Жыраудың мән-мағынасын терең ұғындыру, жыршылар туралы мәлімет беру.
Сын тұрғысынан ойлау
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауға үйрету.
- Оқушылардың өз ойынан сөйлем құрау дағдысын дамыту.
- Мәнерлеп оқу машығын жетілдіру.
Топпен жұмыс және тәрбие
- Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу.
- Өнерді сүюге, сөз қадірін түсінуге тәрбиелеу.
- Сабақ түрі
- Іскерлік пен дағды қалыптастыру сабағы.
- Оқыту әдісі
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту.
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі, Музыка, Дүниетану.
Сабақтың жүру барысы
I. Қызығушылықты ояту
«Жалғасын тап» ойыны:
- Балалар ойын...
- Бақта құстар...
- Жылғалардан су...
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Ойға шабуыл» сұрақтары:
- Сөйлем дегеніміз не?
- Абылай хан кім?
- Қазақ батырларын ата. Олар не үшін күресті?
III. Мағынаны тану
А) Ой шақыру
Биік тауға жарасар —
Ығынан тиген панасы.
Терең сайға жарасар —
Тобылғылы саласы.
Ер жігітке жарасар —
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар —
Халқына тиген пайдасы.
Бұл жырда әр нәрсенің өзіне тән қасиеті мен пайдасы бар екені көрсетіледі: таудың панасы — ық, сайдың сәні — тобылғы, батыр — ел қорғаны, шешен би — ел бірлігін нығайтушы.
Бүгінгі тақырыпта «Жырау» мәтінімен танысып, соның ішінде Сырбай Мәуленовтің жырынан және Бұқар жыраудың жырынан үзінді қарастырамыз.
Ә) Автор туралы мәлімет
Сырбай Мәуленов
Сырбай Мәуленов (1922–1993) — қазақ ақыны. Қостанай облысы, Жанкелдин ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). Әр жылдары радио, баспасөз, баспа салаларында қызмет атқарып, «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналының редакциясында жетекшілік қызметтерде болды. Алғашқы өлеңі 1937 жылы жарияланып, алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. Қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы.
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Бұқар жырау (1668–1781) — қазақтың ұлы жырауы, Абылай ханның ақылшысы. 18 ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысы кезеңінде елдің бірлігі мен рухын көтерген тұлға. Арғын тайпасының Қаржас руынан шыққан. Заманында «Көмекей әулие» атанған.
Жырау дегеніміз кім?
- Ақын
- Жыр орындайтын адам (орындаушы)
- Шешен
Б) Мәтінмен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Өлең мазмұнына талдау жасау.
- Сөздік жұмыс жүргізу.
Қисса
өлең-жырлар
Күңіреніп
зарланып
Заманаларды
сол замандағы оқиғаларды
В) Ребус шешейік
1, 2, 3 ꞌꞌ..., ꞌ с ꞌ м
Шешуі: Сөйлем
Г) Оқулықпен жұмыс
150-жаттығу (жатқа жазу)
Әрқашан болсын анам,
Болайын мен де аман.
Сұрақтар:
- Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылған?
- Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылған?
Ереже
- Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
- Сөйлемнің соңына нүкте (.), сұрақ белгісі (?) немесе леп белгісі (!) қойылады.
Д) Топтық жұмыс
1-топ: Суретпен жұмыс
«Көктем» көрінісіне әңгіме құрастырыңдар. Сөйлемдегі сөз санын анықтап, сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы дәлелдеңдер.
2-топ: 151-жаттығу
Керекті жеріне нүкте қойып, сөйлемдерді бас әріптен бастап жазыңдар:
Құралай терезені ашты үйге салқын ауа кірді үйдің ауасы тазарды Құралай сабақ оқыды.
3-топ: Сөйлемді жалғастыр
Қажетті тыныс белгіні қойып, көшіріп жазыңдар:
- Менің жасым...
- Сен нешінші сыныпта...
- Алақай, бүгін менің...
IV. Ой толғаныс
1-топ
Жырау туралы үзіндіні жатқа айту.
2-топ
Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем түрлерін атаңдар.
3-топ: Сөзжұмбақ
- 1) Дыбыстан құралады
- Сөз
- 2) Тақпақ
- Өлең
- 3) Қан тоқтататын дәрі
- Йод
- 4) Ешкі төлі
- Лақ
- 5) Қысқы аяқ киім
- Етік
- 6) Тышқан жауы
- Мысық
V. Үйге тапсырма
- «Жырау» мәтінін (немесе үзіндіні) жаттау.
- Сөйлем туралы ережені жаттау.
- 149-жаттығу.
VI. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыстағы белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.