Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мұғалім: Исмагулова Бекзат Мейрамқызы

Мектеп: Петропавл қаласы, №17 «Ұлттық өркендеу» орта мектеп-кешені

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталау

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: сөйлем мүшелері бойынша өткенді қайталау, еске түсіру, білімді пысықтау.

  • Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше ізденуге және ойын еркін жеткізуге баулу.

  • Тәрбиелік: мақал-мәтелдер арқылы рухани байлықты қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, әдеп.

Әдістер мен көрнекіліктер

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Кубизм стратегиясы
  • Жаттығу жұмысы
  • Кеспемен жұмыс
  • Шығармашылық жұмыс

Көрнекілік

  • Кеспе қағаздар
  • Текше

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныпты 3 топқа бөлу.
  • Үй тапсырмасын тексеру.

2) Қызығушылықты ояту: «Кубизм» стратегиясы

Оқушылар сөйлем мүшелері туралы білімін жүйелеу үшін текшенің қырларына берілген тапсырмалар бойынша жұмыс істейді.

1. Салыстырыңыз

Тұрлаулы мүше мен тұрлаусыз мүшелерді салыстырыңыз.

2. Талқылаңыз

Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Түрлерін атаңыз.

3. Ажыратыңыз

Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің түрлерін ажыратыңыз.

4. Мысал келтіріңіз

Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге мысал келтіріңіз.

5. Қолданыңыз

Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді қатыстырып, әңгіме немесе эссе жазыңыз.

6. Зерттеңіз

Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер түрлерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

3) Мағынаны ажырату: топтық талдау

Әр топқа синтаксистік талдауға арналған сөйлемдер ұсынылады. Мақсат — сөйлем мүшелерін дұрыс анықтап, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің қызметін көрсету.

I топ

  • Құрмаш бұл сөзге көнбеді.
  • Екеуі қайтадан Қарадырға бет қойды.
  • Бүгін бұлар Қарашоқыдағы Күнкенің ауылына да жетпек.

II топ

  • Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз.
  • Сиыр — төрт жүз, жылқы — мың үш жүз.
  • Жүрісте де, отырыста да Құнанбай әлі тіп-тік.

III топ

  • Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.
  • Арық атқа қамшы ауыр.
  • Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.

4) Сұрақ-жауап: «Иә / Жоқ» сынағы

Оқушылар сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

  1. 1. Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма?

    Дұрыс жауап: жоқ

  2. 2. Бастауыш «кім? не?» сұрақтарына жауап береді.

    Дұрыс жауап: иә

  3. 3. Анықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.

    Дұрыс жауап: жоқ

  4. 4. Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.

    Дұрыс жауап: иә

  5. 5. «-ның, -нің» — ілік септігінің жалғауы.

    Дұрыс жауап: иә

  6. 6. «мен, сен, ол, біздер» — жіктеу есімдіктері.

    Дұрыс жауап: иә

  7. 7. «-ма, -ме, -ше» — сұраулық шылаулар.

    Дұрыс жауап: иә

  8. 8. Лепті сөйлем қызметіне қарай «негізгі, жетек, анықтауыш» болып бөлінеді.

    Дұрыс жауап: жоқ

  9. 9. «Биылғы күз салқын.» Бұл — құрмалас сөйлем.

    Дұрыс жауап: жоқ

  10. 10. «-у» — тұйық етістік жасайтын жұрнақ.

    Дұрыс жауап: иә

  11. 11. «келе жатыр» — үйірлі баяндауыш.

    Дұрыс жауап: жоқ

  12. 12. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің морфология саласы зерттейді.

    Дұрыс жауап: жоқ

  13. 13. Сөйлем айтылу мақсатына қарай төртке бөлінеді.

    Дұрыс жауап: иә

  14. 14. Бастауыш пен толықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

    Дұрыс жауап: жоқ

  15. 15. Сөйлем мүшелері құрылысына қарай үшке бөлінеді.

    Дұрыс жауап: иә

5) Жаттығу жұмысы

Тапсырма: бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

Ол күзетші жас жігіт — Кәрібжан айтқан ән.

Бес жердегі бес — жиырма бес.

Қуаты — ақындық, үміті — халық.

Бұл — Бәкен.

Үлкен үйден дәм татып кету — борыш.

Шетінен көшіріп жатқан — кішкене молда жіберген Татьяна хаты.

Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.

6) Ой толғаныс: шағын эссе

Тірек сөздерді пайдаланып, шағын эссе-мәтін жазыңыз. Мәтінде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді орынды қолданыңыз.

I топ

Ұстаз

II топ

Ана

III топ

Отан

7) Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

«Адамгершілік, имандылық» тақырыбына байланысты даналық сөздер тауып жазыңыз. Оларға синтаксистік талдау жасаңыз.

Бағалау

Оқушылардың білім деңгейі сабақ бойындағы топтық талдау, сұрақ-жауап және шығармашылық жұмыстардың нәтижесі бойынша бағаланады.