Масса бірліктерімен танысу
Сабақтың тақырыбы
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы.
Пән / сынып
Математика, 3-сынып
Ресурстар
- АКТ, слайдтар
- Суреттер, сөзжұмбақ
- Оқулық, карточкалар
- Маркер, стикерлер
- Бағалау парағы
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Масса бірліктерін массаны өлшеуде дұрыс қолдануға және олардың арақатынасы арқылы бірліктерді дұрыс айналдыруға үйрету.
Міндеттері
- Масса бірліктері және олардың арақатынасы туралы түсінік қалыптастыру.
- Есеп шығару дағдыларын дамыту.
- Масса бірліктерінің бір-біріне айналатынын қорытындылай отырып, кешірімділікке және кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Түйінді сөздер
Оқушылар массаның өлшем бірліктерін қолдану жолдарын жүйелеп, дұрыс айналдыру ережелерін тұжырымдайды.
Оқу нәтижелері
-
Сипаттама беріп, массаның байырғы өлшем бірліктері туралы мағлұмат алады.
-
Үлкен өлшемнен кіші өлшемге және керісінше айналдыруда қажетті амалдарды таңдай алады.
-
Берілген тапсырмалар бойынша қорытынды жасап, өз ойын дәлелдей алады.
-
Табиғатты қорғау және қиянат жасамау қажет екенін тұжырымдап, пікірін білдіреді.
Сабақ құрылымы
1) Ұйымдастыру
Мұғалім әрекеті
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сыныппен жағымды байланыс орнату.
Ынталандыру мәтіні
Гүл өсірсең терлеп — мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп — мұның аты еңбек.
Сабағыңа жөндеп әзірленсең — еңбек.
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
Бүгінгі еңбегіміз қандай болады? Мақсат қойып, бірлесе жұмыс істейміз.
2) Өткен сабақты еске түсіру (Білу)
Activote арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.
Қайталау сұрақтары
1) 1 кг =
- A. 1000 грамм
- Б. 100 грамм
- В. 10 грамм
2) c · 6 = 360
- A. 60
- Б. 2100
- В. 6
3) 42 : 3 =
- A. 4
- Б. 24
- В. 14
4) 4²-ті көбейтінді түрінде көрсет:
- A. 4 + 4
- Б. 2 · 2 · 2 · 2
- В. 4 · 4
5) 8 · 8 · 8 өрнегін квадрат немесе куб түрінде жаз:
- A. 8²
- Б. 8³
- В. 512
6) Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті:
- A. Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосуға болады.
- Б. Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.
- В. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
7) Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті:
- A. Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосуға болады.
- Б. Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.
- В. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
8) Көбейтудің терімділік қасиеті:
- A. Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосуға болады.
- Б. Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.
- В. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
3) Сабақ мақсатын анықтау және логикалық ойлау
Тұсаукесер арқылы «Артығын тап» тапсырмасы орындалады: артық сөз алынып тасталып, қалған сөздер топтастырылады.
Нәтижесінде сабақтың тақырыбы анықталады: массаны өлшеу және масса бірліктерінің арақатынасы.
Мұғалім мен оқушылар бірге сабақтың мақсатын және бағалау критерийлерін құрастырады.
Жұмыс бағыттары
- Масса бірліктерімен танысу.
- Оқулықпен жұмыс.
- Слайд арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
Критерийлер
- Есептің шартын құра білу.
- Тиісті амал таңбасын дұрыс таңдау.
- Топта белсенді жұмыс жасау.
- Сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беру.
4) Түсіну кезеңі (топтық жұмыс)
Жаңа тақырыптың қаншалықты меңгерілгені топтық жұмыс арқылы анықталады: оқушылар тапсырманың Ә бөлігін талдап, жеке орындайды, кейін сыныппен бірге тексереді.
№3 тапсырма ауызша орындалады.
Есеп (№5 кесте бойынша)
200 грамнан 2 қорап кәмпит және 50 грамнан 2 қорап печенье әкелінді. Барлығы неше кг?
Өрнек
200 · 2 + 50 · 2
Ықшамдау
(200 + 50) · 2
Нәтиже
500 г = 0,5 кг
5) Сергіту сәті және қосымша белсенділік
Сергіту
Табиғат аясындағы қысқа сергіту жаттығулары.
Сұрақ-жауап
«Ең, ең, ең…» форматындағы жылдам сұрақтар.
6) Модульдік байланыс
Сабақ барысында талантты және дарынды балаларды оқыту модулі ескеріледі: күрделендірілген сұрақтар, дәлелдеуді қажет ететін тапсырмалар және топ ішінде көшбасшылыққа жағдай жасау.
1-тапсырма: «Миға шабуыл»
Доп арқылы көбейту кестесін қайталаймыз: сұрақ қойылған оқушы жылдам жауап беріп, допты келесі оқушыға лақтырады.