Екі таңбалы санды екі таңбалы санға қосу және азайту жағдайындағы білімдерін кеңейту
Сабақ туралы мәлімет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, №11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі — Макамбетова Гулшат Алиякбаровна.
Тақырып: Екі таңбалы сандарды қосу және азайту.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу дағдыларын бекіту, есептеу қабілетін жетілдіру.
- Екі таңбалы санды екі таңбалы санға қосу және азайту бойынша білімдерін кеңейту.
Дамытушылық
- Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.
- Есеп шығаруға деген қызығушылығы мен дағдысын арттыру.
Тәрбиелік
- Тапқырлыққа, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
- Ойды жинақтап, қорытынды жасай білуге баулу.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Көрнекілік
Суреттер, поезд макеті.
Техника
Интерактивті тақта.
Ұйымдастыру
«Саяхат сабақ» форматы, вагондарға бөлу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге,
Сәттілік біз тілейміз.
Содан кейін баршаға,
Қайырлы күн біз дейміз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
2-сынып
№3, 149-бет
3-сынып
№11, 173-бет
III. Сабақты қорытындылау (саяхат сюжеті)
Саяхат бағыты: Жезқазған — Сексеуіл поезы. Ауылға келген жаңалық: Қоскөл — Жезқазған бағытындағы поезд тоқтайтын бекеттер мен станциялармен таныса отырып, тапсырмалар арқылы сабақты қорытындылаймыз.
2-сынып — 2-вагон (билет алу кезеңі)
-
1-билет
Мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте: 52, 47, 96.
-
2-билет
Ондығы мен бірлігі бірдей сандарды ата: 55, 59, 32, 44, 91, 77.
3-сынып — 3-вагон (билет алу кезеңі)
Тапсырма 1
9×3; 27÷9
Тапсырма 2
1 сағатта неше минут бар?
Тапсырма 3
500÷5; 5×100
Тапсырма 4
9×9; 81÷9
Тапсырма 5
810÷9; 63÷7
Билет алып, поездға міндік: 2-сынып — 2-вагонға, 3-сынып — 3-вагонға.
Жаңа сабақ
2-сынып (тақтамен жұмыс)
Баған түрінде қосу және азайту амалдарын орындау. Оқушылар әр қадамды ережеге сүйене отырып түсіндіреді.
Тапсырма: қосындылардың мәнін тап
3-сынып (интерактивті тақтамен жұмыс)
«Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Оқушылар мысалдар арқылы ережені бекітіп, қорытынды жасайды.