Қарашы анау қыратқа, Арқасына мұз шөккен
Мұқағали Мақатаев
Тал түсте,
Бозғыл деңгейде,
Шуағын жерге төккен Күн.
Жылымық қыста кей - кейде,
Иісі келер көктемнің.
Ұмыттырар ақпанды,
Боз аспан, онан боз дала.
Осынау ғажап шақтарды,
Қозғама, тәңір, қозғама!
Оралады өткен күз,
Қыс келеді.
Төсі қар.
Ұзатылған көктем - қыз
Қайта оралса, несі бар?!
Ішке сыйған баламыз,
Сыртымызға сыяды.
Кең ғой біздің даламыз!
Зиялы да ұялы.
Қайдан келсін бірақ та,
Мезгіл жетпей қыз - көктем.
Қарашы анау қыратқа,
Арқасына мұз шөккен.
Алматының аспаны,
Бізді әзірге тұр алдап.
Қайың, терек бастары,
Барады әне, қыраулап...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Хибин тауларының биіктік белдеулері
Жан қазынасы - адамгершілік негізі
Оңтүстік Американың физикалық географиялық жағдайының ерекшеліктері
Махамбеттің есімі - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы
СҮЛЕЙМЕН ҚАРАҚШЫ
Оралхан Бөкей шығармашылығы
Фразеологизмдердің сөз табына қатысы
Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық негізі
Фразеологизмдерге ұйытқы болған сөздер
Төлеу сөз
А.Жұбанов және ұлттық музыка мәдениеті
Гендельдің клавирлік музыкасы.
Ежелгі Грек музыка әдебиеті
ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТЕ МУЗЫКА ПӘНІН ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ
ШОҚАН ЖӘНЕ МУЗЫКА
ОРЫС КӘСІБИ МУЗЫКА КОМПАЗИТЕРЛЕРІ
Әлімбаев Мұзафар
Қобыз - ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап
Музыканы сипатта