Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, әдістер арқылы сабақ тақырыбын ашу

Қысқа мерзімді сабақ жоспары (8-сынып, химия)

Тақырыбы

Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.

Сілтеме

8-сыныпқа арналған химия оқулығы.

Мақсаты

Оқушыларды топпен жұмыс істеуге дағдыландыру және түрлі әдістер арқылы сабақ тақырыбын ашу.

Күтілетін нәтиже

  • Топпен жұмыс істейді, ізденеді және өздігінен тақырыпты талдайды.
  • Тапсырмаларды орындайды және нәтижесін бағалай алады.
  • Химиялық реакция теңдеулерін құрастырып, теңестіру дағдыларын дамытады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

«Кеме ойыны» арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.

III. Жаңа сабақ

Топтарға ДЖИГСО әдісі бойынша тапсырмалар беріледі. Әр топ тақырыпты талдап, дәлел келтіріп, нәтижесін постер арқылы қорғайды.

1-топ

Судың (H2O) түзілуіне сәйкес химиялық реакция теңдеуін құрастырып, коэффициенттер арқылы теңестіріңдер.

2-топ

Алюминий(III) оксидінің түзілу реакциясын жазыңдар және теңдеуді коэффициенттермен теңестіріңдер.

3-топ

Неліктен реакцияның басындағы атомдардың массасы реакция соңында да дәл сол мөлшерде сақталатынын түсіндіріңдер. Жауаптарыңды зат массасының сақталу заңымен байланыстырыңдар.

4-топ

6 г Mg + 4 г O210 г MgO берілген мысалдың мағынасын ашып, массаның сақталуын қалай дәлелдейтінін түсіндіріңдер.

Қосымша тапсырма

Бір оқушы «Аңыз–адам» әдісі бойынша ұлы ғалым М. В. Ломоносов туралы қысқаша таныстырылым жасайды және оның ғылымға қосқан үлесін атап өтеді.

IV. Сабақты бекіту

Тапсырма

Берілген жұп заттар әрекеттескенде жүретін химиялық реакция теңдеулерін толықтырыңдар: теңдеу құрастырып, өнімдерін көрсетіп, коэффициенттер арқылы теңестіріңдер.

Негізгі назар: химиялық реакция теңдеулері және зат массасының сақталу заңы.