Өзін - өзі тану сабағының жоспары (9 - сынып)Тақырыбы
Өзін-өзі тану сабағының жоспары (9-сынып)
Тақырып
Жақсылық жан-жақты жарқыратады
Құндылық
Дұрыс әрекет
Қасиеттер
- мейірімділік
- ақылдылық
- рақымшылдық
- адамгершілік
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың жақсылық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері
- Оқушыларға жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу.
- Жақсылықты түсіну және жақсылық жасау іскерліктерін дамыту.
- Оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- сұхбат
- әңгіме
- сәйкестендіру
- ой-шабу
- шығармашылық ізденіс
- салыстыру
Құрал-жабдықтар
- мультимедиа тақтасы
- Абай Құнанбаевтың суреті
- түсті қағаздар
- қайшы, желім
- баяу әуендер
Сабақ барысы
1) Кіріспе сөз
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгінгі күн біз үшін қызықты да, қуанышты да болатынына сенемін.
2) Ұйымдастыру кезеңі — «Тыныштық сәті: Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: күн нұры төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай баяу тарайды. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі бар. Ол нұрдың әсерімен біртіндеп ашыла бастайды.
Балғын әрі таза әсем гүл әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды мейіріммен шайып, жүрегіңіздің қауызын ашады. Нұр сәулесінің бойыңызға жайлап тарағанын елестетіңіз — ол біртіндеп күшейе түседі.
Қол
Оймен нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашады. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.
Аяқ
Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сәуле шашып тұр. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады; нұр мен махаббаттың құралына айналады.
Тіл
Нұр аузыңызға, тіліңізге тарайды. Тіліңіз тек шындықты және ізгі, жақсы сөздерді айтады.
Құлақ пен көз
Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз: құлақтарыңыз тек жақсы сөзді, әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге жетті: көзіңіз тек жақсыны көріп, әр нәрседен жақсылықты байқайды.
Енді басыңыз түгелдей нұрға бөленсін: санаңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте күшейіп, денеңізден асып, жан-жағыңызға сәуле шашады.
Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да нұр жіберіңіз — олардың да жүрегі нұрға толсын.
Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз:
«Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен — Нұрмын».
Осы Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде аз уақыт отыра тұрыңыз. Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз: нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осы әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
3) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын сұрау, қысқаша талқылау және негізгі ойларды нақтылау.
4) «Әңгімелесейік» — сұрақтар арқылы ой қозғау
Талқылау сұрақтары
- Балалар, «жақсылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Жақсылық пен жамандық қатар жүреді ме?
- Жақсылық пен жамандықты тағы немен салыстыруға болады?
- Жақсы сөз бен шынайы тілек адамға қалай әсер етеді?
- Күннің шуағы бізге не береді? Жақсылық өзінен қандай мейірім төгеді?
Оқушылардың жауаптары слайд арқылы «Күннің шуағы» түрінде жазылып көрсетіледі.
Халық даналығы
Балалар, мына нақыл сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Жақсы тамақ адамға қуат береді.
- Жақсы киім адамға жігер береді.
- Жақсы баспана басыңа бақ береді.
- Жақсы жұмыс астына тақ береді.
- Жақсы досың — сырласың.
- Жақсы жарың — мұңдасың.
- Жақсы балаң — ізбасарың.