Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін
Сыныптан тыс іс-шара туралы мәлімет
Мұғалім және мектеп
- Өңірі
- Атырау қаласы, Томарлы селосы
- Білім ордасы
- Қ. Смағұлов атындағы орта мектеп
- Педагог
- Бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы
- Сыныбы
- 3-сынып
Тақырыбы
«Зерде» интеллектуалды ойыны
Негізгі идея: оқушылардың білімін сарапқа салып, логикалық ойлау және жылдам жауап беру дағдыларын дамыту.
Сабақтың түйінді мақсаттары
-
Білімді саралау
Оқушылардың алған білімін сынып ішінде әділ бағалау арқылы әр оқушының дайындығын анықтау.
-
Логикалық ойлау
Тапсырмалар арқылы логикалық ойлау машығын қалыптастыру және нақты дәлелмен жауап беруге үйрету.
Белсенді оқыту тәсілдері
Күтілетін нәтижелер
Білу және түсіну
- Әдебиеттік оқу: «Ата-бабам тарихы — менің тарихым» бөлімінің мазмұнын біледі.
- Қазақ тілі: дыбыс және оның түрлері, түбір сөз, қосымша түрлері, сөйлем және сөйлем мүшелері (бастауыш, баяндауыш) туралы білімін түсіндіреді.
Қолдану, талдау, жинақтау
- Дүниетану: тест тапсырмасын орындайды; постерде өсімдік мүшелерінің атауы мен қызметін жазып, қорғайды.
- Математика: «Қарша борату» әдісі арқылы өлшем бірліктерін талдайды.
- Логика: логикалық есептер арқылы ойын жинақтап, білімді өмірде қолданудың маңызын бағамдайды.
Ресурстар мен жабдықтар
Қажетті техникалық және көрнекі құралдар тізімі:
Сайыстың барысы
Ұйымдастыру және мотивация
1) Амандасу
Біліммен тәнті етеді тектілер,
Мұратына білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Тауды биік деме сен — талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен — білімді болсаң жығарсың.
Осы ойды негізге алып, «Зерде» интеллектуалды ойынын бастаймыз.
2) Бағалау сарапшыларымен таныстыру
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып, әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына.
3) Көрерменді қолдауға шақыру
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас танысқа емес —
Соқ қолыңды білімді жас талантқа!
Ендеше ортаға жас таланттарды шақырайық.
4) Сайыс ережесі
Ойында жеңіске жету үшін ұйымшылдық, жауапкершілік және дәлелді жауап қажет.
Қатысушы топтар
«Білгірлер» тобы
Мақтанбаймыз білгірміз деп,
Таудай бірақ талабымыз.
Білгір бала атанып,
Келешекте өскенде үлкен ғалым боламыз.
«Алғырлар» тобы
Алғырлар алға,
Шаршама, талма.
Біліммен сайыста,
Қатардан қалма.
Сайыс кезеңдері
- 1 Пәндік тапсырмалар
- 2 «Ғажайып үштік»
- 3 «Жорға»
- 4 Жұмбақ жасыру
- 5 Қорытынды
Бағалау тәртібі
- Сарапшылар бағалау түрін, шарттарын түсіндіреді.
- Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады.
- Топ басшылары сайланады.
Пәндік тапсырмалар: Әдебиеттік оқу
«Ширату» сұрақтары
- «Халық қорғаны» әңгімесіндегі басты кейіпкер кім?
- «Сенің мамаңның әкесі саған кім болады?»
- «Алмас қылышты ардагер» атанған батырды ата.
- «Батыр Бауыржан» әңгімесінде Бауыржан қандай мақалдарды қолданды?
- «Интернат қоймасы» әңгімесінің авторы кім?
- Әлия Молдағұлова кім? Ол туралы қай әңгімеден оқыдыңдар?
- Түріктің балуаны Нұрлыны жеңген балуанды ата.
- Рейхстагқа ту тіккен жауынгер кім?
- «Ол ақын болар ма еді?» әңгімесінде Қайраттың жазған өлеңін айтып бер.
- Желтоқсан оқиғасы қашан болды?
Жедел бағалау
Әр оқушының жауабы сигналдық белгілер арқылы бағаланады.
Бұл тәсіл ойын қарқынын сақтап, қатысушылардың зейінін арттырады және кері байланысты бірден береді.