Оқытуды басқару және көшбасшылық
Сабақтың тақырыбы
Қазақша сөйлейміз. Жаттығу орындаймыз.
Қайталау сабағы
Жалпы мақсат
- Өткен материалды бекіту және ойлау қабілетін арттыру.
- Оқушының өз ойын еркін жеткізуіне бағыт беру.
- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Ұйымшылдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.
- Оқушыларды қазақша сөйлеуге баулу және сан есімді қайталау.
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығы
5-сынып
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы.
Оқыту нәтижесі
Сөйлеу және баяндау
Тапсырмаларды орындау арқылы баяндау шеберлігі дамиды, ойды еркін жеткізу дағдысы қалыптасады.
Тілдік қор және ынтымақтастық
Сөздік қоры молаяды; тапқырлық танытып, топтық жұмыс арқылы ұйымшылдық артады.
Түйінді идея
Топта бірін-бірі оқыту
Бірлесіп жұмыс істеу арқылы өзара үйрету мен қолдау мәдениетін дамыту.
Өз бетінше білім алу
Бұрынғы білімге сүйене отырып, дербес іздену және оқу дағдысын қалыптастыру.
Қолданылатын модульдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
- АКТ-ны қолдануды дамыту.
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалогтік оқыту).
- Оқыту үшін бағалау.
- Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Әдіс-тәсілдер
Топтық жұмыс
Ойлан – бөліс
Миға шабуыл
Ыстық орындық
Көрнекіліктер мен ресурстар
- Оқулық
- Интерактивті тақта
- Постер
- Стикер
- Жазу дәптері
- Маркерлер және т.б.