Жамбыл ауылы

Тақырыбы

Үш таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері.

Мақсаты

  • Оқушыларды үш таңбалы санға бөлудің жаңа түрімен және оны орындау амалдарымен таныстыру; әртүрлі есептерді шығару дағдысын және қорытынды жасай білу қабілетін дамыту.
  • Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауын дамыту.
  • Ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге, ата-баба салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Сызба, суреттер.

Әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап, пысықтау, ой қорыту.

Сабақтың типі

Аралас сабақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

Наурыз мерекесінде қазақ халқы жайлауда киіз үйлер тігіп, бірінің үйіне бірі қонаққа барып, мерекені бірге тойлаған. Біз де бүгін әр ауылға “қонаққа” барамыз.

Балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар. Жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар:

Мен бақытты баламын.

Жан дүниемде күн нұрлы,

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді!

Білімді, алғыр болғым келеді!

II. Абай ауылы — үй тапсырмасын тексеру

№6. Амал таңбаларын атау. Қандай амал таңбаларын білеміз? Енді сол амал таңбаларына байланысты бірнеше есепті ауызша шығарып көрейік.

1 есепті орындау:

(4600 + 2400) : 7 × 5 + 3560 = 8560

(3689 + 1311) : 5 × 4 + 5321 = 9321

(1150 + 1250) : 6 × 8 + 6347 = 9547

III. Жамбыл ауылы — логикалық есептер

А) Бір аяғымен тұрған қаздың салмағы 5 кг. Егер ол екі аяғымен тұрса, салмағы неше кг болады?

Ә) Бір адамға күніне 20 грамм тұз керек. 1 килограмм тұз неше адамға жетеді?

Білімді бекіту

№1 тапсырма. Ауызша салыстыру.

IV. Жұлдыз ауылы — жаңа сабақ

№2.

  • а) Бөлудің орындалу алгоритмін оқушылармен бірге түсіндіріп қарастыру.
  • ә) Мысалдарды жан-жақты түсіндіріп, тақтада және дәптерде орындау.

№3. Өрнектердің мәнін тап

(13968 − 9756) : 234 = 18

7791 : (10000 − 9629) = 21

15953 : 53 + 29080 × 18 − 490076 = 33665

59993 + 616528 : (21851 − 21763) = 66999

V. Аққайнар ауылы — түсінгендерін тексеру

№4 есеп

Оқушылар есепті екі нұсқа бойынша, әртүрлі тәсілмен орындайды.

1-нұсқа

  1. Бірінші саяжолдан қанша литр су буланып кетеді?
  2. Екінші саяжолдан қанша литр су буланып кетеді?
  3. Екі саяжолдан барлығы қанша литр су буланады?

67 × 19 + 67 × 35 = 3618 (л)

2-нұсқа

  1. Екі саяжолда барлығы қанша қайың ағашы бар?
  2. Бұл қайыңдар бір күнде қанша литр суды буға айналдырады?

(19 + 35) × 67 = 3618 (л)

№5, №6

Тапсырмаларды оқушылармен бірге талдап, шығару.

VI. Қорытындылау

  • Бүгін не білдік?
  • Үш таңбалы сандарға бөлуден нені үйрендік?
  • Алдағы уақытта нені үйренгіміз келеді?

VII. Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

№7, №8.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы сабақ соңында бағаланады.