Математика пәні мұғалімі Аяна НарынбаевнаМатематика 5 сыныпСабақтың тақырыбы
Сабақ туралы мәлімет
- Пән
- Математика
- Сынып
- 5-сынып
- Сабақтың тақырыбы
- Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер
- Мұғалім
- Аяна Нарынбаевна
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақты меңгерту
- Әдіс-тәсілдер
- Сыни тұрғысынан ойлау: топтастыру, болжау, семантикалық карта
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, жетондар, рефлексия парақтары
Сабақтың мақсаты
- Дұрыс бөлшек пен бұрыс бөлшекті ажырата білуге үйренеді.
- Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жаза білуге дағдыланады.
- Логикалық ойлау қабілетін дамытады.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
2 минут- •Сәлемдесу.
- •Оқушыларды түгендеу.
- •Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- •Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- •Сыныпты жетон арқылы топқа бөлу.
II. Психологиялық ахуал
1 минутОрыстың ұлы математигі Л. Ф. Магницкийдің мына сөзімен сабағымызды бастаймыз:
Бүтінге келсең жұлынып,
Алдыңа еш жан салмасаң,
Бөлшекке келсең бұғылып,
Жауабын таба алмасаң,
Есепке мықты демелік,
Бөлшекке көңіл бөлейік!
III. Үй тапсырмасын сұрау
1 минутҮй тапсырмасы бойынша қысқаша тексеру жүргізіліп, негізгі қателер талқыланады.
IV. Қызығушылықты ояту
5 минутТақырыпқа кіріспе ретінде бөлшек ұғымына қатысты негізгі терминдер еске түсіріліп, байланыстар «топтастыру» арқылы анықталады.
V. Мағынаны тану
27 минутТоптастыру: «Бөлшек» ұғымы
Болжау стратегиясы: анықтамалар
Дұрыс бөлшек
Алымы бөлімінен кіші болатын бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген дұрыс бөлшек 1-ден кіші.
Бұрыс бөлшек
Алымы бөлімінен үлкен немесе тең болатын бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген бұрыс бөлшек 1-ден үлкен немесе 1-ге тең.
Назар аударайық
Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратудың негізгі белгісі — алым мен бөлімнің салыстырылуы.
Қосымша
Толық нұсқасын жүктеу.